10.07.2014, 19:19 1466

СІМ-дегі кездесуде Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығы талқыланды

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы екіжақты сауда көлемі 4,4 млрд долларға жетті, деп хабарлайды СІМ.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Швейцария Конфедерациясының федералды қаржы департаментінің басшысы - федералды кеңесші Эвелин Видмер-Шлюмпфпен кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты талқылады.

Екіжақты экономикалық қатынастағы оң тенденцияға тоқтала келіп тараптар Қазақстан-Швейцария іскерлік кеңесі мен сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша парламентаралық комиссияның маңызына тоқталды. Экономикалық байланыстың жоғары қарқыны қазіргі таңдағы қазақстандық нарықта 200-ден астам осы елдің компаниясының жұмыс істеп жатқанынан көрінеді. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2013 жылы екіжақты сауда көлемі 4,4 млрд долларға жетті, деп хабарлайды СІМ.

Баламалы қуат көздерін пайдаланатын технологияны ілгерілетудегі Швейцарияның рөлін ескере отырып Е.Ыдырысов Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне Швейцарияның да белсенді атсалысуын сұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны