20.11.2017, 18:15 4329

Сыр өӊірініӊ қасиетті орындарыныӊ картасы мен жинағы шығарылатын болды

Сыр өӊірініӊ қасиетті орындарыныӊ картасы мен жинағы шығарылатын болды. Мұндай шешім Қызылорда облысыныӊ Тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеӊестіӊ отырысында қабылданды.

Қызылорда. 20 қараша. Kazakhstan Today - Сыр өӊірініӊ қасиетті орындарыныӊ картасы мен жинағы шығарылатын болды.

Мұндай шешім Қызылорда облысыныӊ Тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеӊестіӊ отырысында қабылданды.

Кеӊес отырысында қаралған мәселелер мен қабылданған шешімдер Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басымдықтарға негізделіп отыр.

- Көз ілеспес шапшаӊдықпен даму үстіндегі жаһандану дәуірінде ұлттық жадымыз бен ел тұтастығын, рухани қазыналарымызды сақтап қалу - аса маӊызды. Сондықтан, зиялы қауым өкілдеріне, оныӊ ішінде біздіӊ Кеӊесімізге де үлкен жүк артылып отырғаны сөзсіз. Тәуелсіздігіміздіӊ алдыӊғы ширек ғасырын, тарихымыздыӊ алғашқы бөлімі деп алсақ, енді ел тарихыныӊ негізгі бөлімі басталды деуге болады. Ұлт Көшбасшысы мемлекетіміздіӊ қарыштап жан-жақты дамуы үшін қоғамды модернизациялауды жіктеп берді. Осы ретте Қызылорда облысы еліміздегі рухани мәселелерде ньюсмейкер болуы тиіс деген ойымды айтқым келеді. Өйткені, қаймағы бұзылмаған Сыр елі - Алаштыӊ анасы! Сонымен қатар, аймақтыӊ қасиетті орындарыныӊ картасы мен жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Кеӊестіӊ бүгінге дейін отырыстарында көтерілген мәселелердіӊ шешімі табылып, ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл Сығанақ, Жанкент, Шірік-рабатпен бірге ортағасырлық Сортөбе, Жент қалашықтарына және Аралдыӊ кепкен табанындағы Кердері кесенесіне де археологиялық зерттеу жүргізілді. Сонымен бірге, келер жылы әлі сыры ашылмаған ортағасырлық "Қышқалаға" археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Сығанақ қалашығын инфрақұрылымы жетілген толыққанды туристік орталыққа айналдыру үшін кешенді реставрациялық, реконструкциялық және археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан 2018-2020 жылдары кезеӊ-кезеӊімен барлығы 138,2 млн. теӊге қаржы қарастырылып отыр.

Мұнан бөлек, Кеӊес мүшелері Сырдария өзенініӊ бойында орналасқан Х-ХІХ ғ. тиесілі қазақ тарихында маӊызды орын алатын айрықша сәулеттік 20-дан астам ескерткіш-мұнараныӊ тарихы мен қызметі жайында келер ұрпақтыӊ санасына сіӊіру мақсатында толыққанды зерттеулер жүргізуді көздеп отыр.

Руханият және мәдениет саласына қатысты қаралған өзекті мәселелер Елбасы мақаласын жүзеге асыруда аса маӊызды екені белгілі. Сондықтан аймақ басшысы көтерілген проблемалық сұрақтар мен берілген ұсыныстарды жүзеге асыру үшін жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны