28.05.2015, 18:50 3648

Сирия оппозициясы Астанада алғаш рет бірқатар принцип бойынша тіл табысты

Сирия оппозициясы Астанада өткен келіссөздер барысында бірқатар мәселе бойынша тіл табысты. Бұл туралы бүгін екі күнгі келіссөздердіӊ қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында Сириядағы күрттер қозғалысыныӊ белсендісі Наби Сарбас мәлім етті

Астана. 28 Мамыр. Kazakhstan Today - Сирия оппозициясы Астанада өткен келіссөздер барысында бірқатар мәселе бойынша тіл табысты. Бұл туралы бүгін екі күнгі келіссөздердіӊ қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында Сириядағы күрттер қозғалысыныӊ белсендісі Наби Сарбас мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз осында Қазақстан Үкіметініӊ шақыруымен келдік. Еӊ алдымен, Қазақстандағы Сирия елшісін, Қазақстанныӊ Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовқа алғыс айтқым келеді. Біз оппозицияныӊ келіссөздерін өткізуге мүдделі болдық, себебі Қазақстанныӊ күш-жігеріне үміт арттық. Бірақ, барлығы біз ойлағандай болады деген мақсатты көздеген жоқпыз. Мүлде бейтарап орында өткен осы кездесуде көзіміз жеткені - Қазақстан Үкіметі осы кездесудіӊ сәтті өтуіне барлық жағдайды жасады, себебі, біз бұрынғы келіссөздерге қарағанда осы жолғы кездесуде нақты нәтижелерге қол жеткізе алдық. Дәл Астанада Сириядағы жағдайдыӊ шешілуі үшін оппозиция бірқатар принцип бойынша тіл табысты. Сондықтан, біз діни, конфессиялық немесе этникалық негізде барлық сириялық азаматтарға шектеу болмайтын "баламалы" Отанымыз туралы өз ойымызды ұсынамыз. Бұл өте маӊызды. Себебі, бұл басқа да бір бастама өткізу үшін маӊызды мәселе. Біз келіссөздер қорытындысы бойынша Астана декларациясын қабылдадық", - дейді Н.Сарбас, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Күрттер қозғалысыныӊ өкілі атап өткендей, Астана декларациясы бірнеше принциптен тұрады.

"Астана декларациясы бірнеше принциптен тұрады, Сирия мен Сирияныӊ аумағынан тыс жүрген оппозиция өкілдері осы принциптермен келісті. Бұл Сирия мәселесіне келгенге бір құжатқа қол қойып, бұдан кейінгі мәселелерді дамыту үшін негізгі принциптер айтылған алғашқы кездесу десек болады. Сондықтан, меніӊ ойымша, Астанадағы кездесу басқа кездесулер сияқты өте маӊызды. Біз алғаш рет Сирияныӊ болашағымен байланысты ортақ принциптерге қатысты ортақ консенсус қабылдап, жағдайдан шығудыӊ жолдарын ұсындық", - дейді Наби Сарбас.

Өзіміз білетіндей, ұзақ қайшылықтарды бастан кешіріп отырған Сирия дағдарысқа тап болды. Бірақ, елдегі басқару режимі құлаған жоқ. Сондықтан, сириялық азаматтар еркіндік алып, "жаӊа" Отан құруды армандайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны