27.05.2015, 19:54 4195

Сириялық оппозиция келіссөздері аяқталды

Бейбіт келісім алаӊына айналған Астанада Сириялық оппозицияныӊ келіссөздері аяқталды. Үш күн бойына жабық есік форматында өткен жиынныӊ қортындысына бүкіл әлем көз тігіп отыр

Астана. 27 Мамыр. Kazakhstan Today - Бейбіт келісім алаӊына айналған Астанада Сириялық оппозицияныӊ келіссөздері аяқталды. Үш күн бойына жабық есік форматында өткен жиынныӊ қортындысына бүкіл әлем көз тігіп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрбек Байбосын, тілші

-Астанада өткен Сирия оппозиция өкілдерініӊ келіссөздері сәтті аяқталды деуге негіз бар. Үш күн ішінде олар өзара мәмлеге келіп, қорытынды құжатқа қол қойғандығы белгілі. Консультацияға қатысушылар келісімге келген. Осыныӊ аясында гуманитарлық мәселелер де оӊ шешімін тапқалы тұр. Сириядағы қақтығыстардан жапа шеккен босқындарға халықаралық ұйымдар "Қызыл крест" және "Қызыл жарты ай" көмек қолын созатын болады. Астана келісім алаӊында сондай-ақ оппозиция өкілдері Сириядағы көп жылдық дағдарыстан қалай шығу керектігі мәселесі мен жол картасы бағдарламасын талқыға салғандығын айта кетейік.

Жүргізуші: Нұрбек, келіссөзде шешілмей қалған мәселе бар ма?

Нұрбек Байбосын, тілші

-Ирине. Консультация талқысында әскери қақтығыстар мәселесі назарға алынды. Тараптар пікірі осы тұста екіге жарылды. Бірі мұны жақтаса, екіншілері қарсы шығып, өз ойларын жеткізді. Тағы да бізге белгілісі, келіссөздердіӊ бірінші бөлігі Қазақстанда оӊды өткендегіне риза болған Сирия оппозициянерлері келесі келісімді де Астанада өткізуді ұйғарып отыр, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны