31.10.2016, 16:28 6505

Сыртқы істер министрі Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне мүшелігі аясындағы жұмыстарға әзірлік барысы туралы баяндады

Қазақстан Президенті алдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне мүшелік аясында өткізілетін іс-шаралардыӊ басымдығы бар бағыттарына тоқталып, бұл мәртебелі міндет әлемдік қоғамдастықтыӊ айрықша сенімініӊ көрінісі болып саналатынын жеткізді.

Астана. 31 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына 2017 жылғы қаӊтарда басталатын Қазақстанныӊ БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне мүшелігі аясындағы жұмыстарға әзірлік барысы туралы баяндады.

Елбасы сыртқы саяси қызметті атқару кезінде республика тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

- Елдіӊ халықаралық аренадағы беделін арттыру үшін елшілеріміз 25 жылда қол жеткізген жетістіктерімізді, соныӊ ішінде Қазақстанныӊ республикадан тыс жерлердегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтау ісіне қосқан үлесін шетелдік қоғамдастыққа көрсетуге тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы елімізге шетелдік ресми делегациялардыӊ келуініӊ маӊыздылығын айтты.

Қазақстан Президенті алдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне мүшелік аясында өткізілетін іс-шаралардыӊ басымдығы бар бағыттарына тоқталып, бұл мәртебелі міндет әлемдік қоғамдастықтыӊ айрықша сенімініӊ көрінісі болып саналатынын жеткізді.

Сыртқы істер министрі Қауіпсіздік Кеӊесіндегі қызметке дайындық белсенді түрде жүргізіліп, тұрақты комитеттерге басшылық жасау міндеттерініӊ бөлініп беріліп жатқанын мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Е.Ыдырысов республика тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы аясында аса мәртебелі меймандар қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Сыртқы саясат ведомствосыныӊ басшысы Қазақстан Президентін алдағы халықаралық іс-шаралар, соныӊ ішінде басым бөлігі "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесін өткізуге байланысты болатын шаралар туралы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны