01.09.2009, 13:48 2715

Сыртқы көші-қонға қатысты мәліметтер Қазақстандағы тіршіліктің тартымдылығын дәлелдейді - Назарбаев

Сыртқы көші-қонға қатысты мәліметтер Қазақстандағы тіршіліктің тартымдылығын дәлелдейді - Назарбаев

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сыртқы көші-қонға қатысты мәліметтер Қазақстандағы тіршіліктің тартымдылығын дәлелдейді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның IV шақырылған парламентінің ІІІ сессиясының ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сыртқы көші-қон барысында бетбұрыс байқалды. Елге келгендер, одан кетіп жатқандардан асып түсті. Бұл Қазақстандағы тіршіліктің тартымдылығын дәлелдейді", - деді Н. Назарбаев.

Президенттің мәліметінше, Қазақстанға 10 жылда негізінен ТМД, Қытай, Монғолия, Түркия мен Ираннан, тек ресми статистикалық мәліметтер бойынша 650 мыңдай қазақ көшіп келді. 10 жылда қазақтар саны 53 -тен 65%-ға дейін өсті.

Президент бұған қоса "Қазақстан халқының бірегей этноконфессиялық құрамы сақталып қалғанын" атап өтті. Қазақстанда 140 ұлыстың өкілдері тұрады. Қазақстан халқының 70% жуығы исламға, 25% - христиандыққа және басқа да діндерге сенеді, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны