28.05.2025, 09:53 28466

Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады

Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салынады
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов ҚХР-дың экологиялық шешімдер саласындағы халықаралық көшбасшыларының бірі - "CITIC Environment Investment Group" компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Болашақта бұл әріптестік кәріздік тазарту нысандарын жаңғыртуға, қалдықтармен жұмыс істеу саласына жаңа технологияларды енгізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тұрақты үлгілерін іске асыруға бағытталған. Екі елдің мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып жүзеге асырылатын бұл ынтымақтастық экологиялық қауіпсіздік пен шығысқазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға тағы бір қадам болмақ", - деді облыс әкімі.


Ынтымақтастықтың алғашқы кезеңінде өңір орталығында пилоттық жоба - Сол жағалаудағы кәріздік тазарту құрылыстарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы жүзеге асырылатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны