06.07.2020, 23:29 6782

Әскери-медициналық мекемелерде 700-ден астам карантиндік, провизорлық және инфекциялық пациенттер емделді.

2000-ға жуық әскери медицина қызметкерлері Қарулы күштерде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізіп, азаматтық денсаулық сақтау мәселесіне жәрдемдесуде.

Алматы. 6 шілде. Kazakhstan Today - Әскери медицина қызметкерлерінің коронавирусқа қарсы атқарылып жатқан жұмысы туралы ақпарат

2000-ға жуық әскери медицина қызметкерлері Қарулы күштерде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізіп, азаматтық денсаулық сақтау мәселесіне жәрдемдесуде.

Қорғаныс министрлігінің Елордадағы Бас әскери клиникалық госпиталі 180 орындық карантиндік және провизорлық стационарға, Алматыдағы әскери клиникалық госпитальі 230 орындық инфекциялық стационарға айналды. Талдықорған қаласындағы 35 орындық әскери госпиталь және Үшаралдағы 70 орындық әскери лазарет инфекциялық және провизорлық стационар ретінде жұмылдырылған. Коронавируспен ауыратын науқастарды қабылдау үшін қосымша бірінші күннен бастап әскери-медициналық қор басқа елді мекендерде де дайындалған.

Қарағанды әскери лазаретіндегі медициналық персоналдың 15 адамы облыстық клиникалық аурухана базасындағы провизорлық госпиталь жұмысына жұмылдырылған. Ақтөбе, Аягөз, Гвардейск, Сарыөзек, Семей, Өскемен жеті әскери-медициналық мекемелерінде жергілікті карантиндік, провизорлық, инфекциялық стационарлардың жұмысына қатысу үшін саны 60 адамнан астам дәрігерлік-мейірбике бригадалары дайындалды.

Әскери-медициналық мекемелерде 700-ден астам карантиндік, провизорлық және инфекциялық пациенттер емделді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны