13.06.2024, 12:03 52661

Әскери прокурорлар құны 6 млрд теңгеден астатын мүлікті мемлекет меншігіне қайтарды

Биылғы жылы әскери прокуратура органдарының белсенді жұмысының нәтижесінде сомасы 6 миллиард теңгеден астам мүлік мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Бас әскери прокурордың талабы бойынша Жоғарғы сотпен құны 5 миллиард теңгеден асатын Қорғаныс министрлігінің қорғаныс нысаны қайтарылды.

Алматы қаласында көлемі 16 мың шаршы метрден асатын 10 қоймадан, 2 әкімшілік ғимараттан, 2 өндірістік цехтан тұратын мүліктік кешен 20 жыл бойы жеке тұлғаның сенімгерлік басқаруында болған.

Қазіргі уақытта қайта тіркеу рәсімі жүріп жатыр, одан кейін нысан қорғаныс қажеттіліктері үшін пайдаланылады.

Сондай-ақ, қадағалау актілері бойынша құны 180 миллион теңге болатын 22 жер телімі армияға қайтарылды.

Сонымен қатар, 25 жылдан астам заңсыз иелікте болған, жалпы құны 400 миллион теңгені құрайтын 200-ден астам қызметтік пәтер мемлекет балансына қойылып, олар тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерге таратылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны