04.06.2019, 23:25 11101

Әскери қызметшілер Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті

Біздің әрбір маңызды іс-шарамыз мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталса, саптық алаңдағы тудың көтерілуі тек ең үздік әскери қызметшілерге бұйырады", - деді.

Нұр-Сұлтан. 4 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекеттік рәміздер күні "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде дөңгелек үстелдер, мемлекеттік рәміздердің салтанатты түрде жеке құрамға шығарылуы және мемлекеттік тудың көтерілуімен өтті.

Биылғы жылы мемлекеттік рәміздер күні жаңа оқу кезеңінің басталуымен тұспа-тұс келді. Бұл күні Батыстың барлық әскери бөлімдерінде салтанатты митингтер мен іс-шалар ұйымдастырылды.

Ақтөбе қаласындағы 30238 әскери бөлімінде әскери қызметшілер дөңгелек үстел өткізсе, Ақтаудағы 25744 және Атыраудағы 41321 әскери бөлімдерінде мемлекеттік рәміздердің жеке құрамның алдына шығарылуы ұйымдастылды. Митингте бөлім командирлері жеке құрамға мемлекеттік рәміздердің тарихын, мәнің және оларға қатысты ерекше деректерді жеткізді. Митинг соңында жеке құрам рәміздердің алдында саптық шерумен өтіп шықты.

25744 әскери бөлімінің командирі гвардия подполковнигі Мұрат Арапбаев: "Біздерде ұлы да, мағынасы зор Елтаңбамыз, Туымыз бен Әнұранымыз бар. Олар еліміздің ұлттық құндылығы және мақтанышы. Әскери адамдар үшін мемлекеттік рәміздер Отанымыздың бірден-бір атрибуты болып саналып, ерекше құрметтеледі. Біздің әрбір маңызды іс-шарамыз мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталса, саптық алаңдағы тудың көтерілуі тек ең үздік әскери қызметшілерге бұйырады", - деді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны