01.04.2020, 14:47 5720

Әскери қызметшілер Тәжікстаннан қазақстандықтарды эвакуациялады

28 наурызда 26 қазақстандық Тәжікстаннан елімізге оралды. Қазақстан азаматтары бар ұшақ Алматы әуежайына сәтті келді. Сонымен қатар, бұл ретте Шымкент қаласынан С-295 әскери-көлік ұшағымен Тәжікстанға сол елдің 20 азаматы шығарылды.

Алматы.1 сәуір. Kazakhstan Today - Әскери қызметшілер Тәжікстаннан қазақстандықтарды эвакуациялады.

28 наурызда 26 қазақстандық Тәжікстаннан елімізге оралды. Қазақстан азаматтары бар ұшақ Алматы әуежайына сәтті келді. Сонымен қатар, бұл ретте Шымкент қаласынан С-295 әскери-көлік ұшағымен Тәжікстанға сол елдің 20 азаматы шығарылды.

Қазақстан президентінің нұсқауына, Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Тәжікстанның мемлекеттік органдарының күш-жігеріне сәйкес, біздің отандастарымыз елімізге орала алды.

Сондай-ақ, ұшудағы қауіпсіздік мақсатында оларды әскери дәрігерлердің медициналық тобы алып жүрді. Елімізге келген қазақстандықтардың арасында коронавирусты жұқтырғандар жоқ. Барлық жолаушылар өздерін жақсы сезінеді, денсаулықтарына шағымдары жоқ. Ережеге сәйкес елге оралғандардың барлығы медициналық тексеруден өтіп, инфекциялық бақылау талаптарын сақтай отырып, карантинге орналастырылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан ӘӘК әскери-көлік авиациясының күшімен Сауд Арабиясынан 33, Кувейт мемлекетінен 2, Қырғызстаннан 21 қазақстандық эвакуацияланған болатын.

Отанымызға қайта оралған қазақстандықтар Қазақстан Үкіметі мен Қорғаныс министрлігіне алғыстарын білдірді. Әскери қызметшілердің өздері атап өткендей, ?скер - бұл ең алдымен өз халқының қорғаушылары және қазақстандықтардың қауіпсіздігін сақтаушылар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны