23.09.2020, 21:36 8074

Әскерлерді дала жағдайында жергілікті жер туралы ақпаратпен кім қамтамасыз етеді

ҚР Қарулы Күштерінің топографиялық бөлімімен топогеодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Алматы. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Қарулы Күштерінің топографиялық бөлімімен топогеодезиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Жауынгерлік әзірлікке келтірілгеннен кейін әскери бөлім жауынгерлік мақсаттағы ауданға аралас тәсілмен марш жасады.

Оқу-жаттығу барысында әскерлерді жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу шартты ауданының аэроғарыштық барлау материалдары бойынша жергілікті жер туралы өзекті ақпаратпен қамтамасыз етуде тәжірибелік дағдыларды жетілдіру мәселелері пысықталды.

Мамандар топогеодезиялық жұмыстарды орындау үшін қажетті есептеулер жүргізіп, тиісті арнайы-тактикалық оқу-жаттығуға сәйкес әскерлерге тиісті қажетті картографиялық материалдарды дайындады.

Мұндай міндеттерді шешу үшін бөлім заманауи сандық арнайы техникамен жабдықталған. Ол жердің топографиялық барлауын оптикалық-электрондық жүйелермен және дәлдігі жоғары жаһандық навигациялық спутниктік аспаптармен жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығулардың арқасында жеке құрам әскерлерді геокеңістік ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдар алгоритмін іс жүзінде пысықтады. Мамандар оқу-жаттығу ауданының өзекті цифрлық картматериалдар мен нысандардың егжей-тегжейлі фотосхемаларын, сондай-ақ әскерлердің жауынгерлік реттерінің элементтерін топогеодезиялық байланыстыруды жасады.

Карта жергілікті жер туралы ақпараттың негізгі көзі болып табылады. Жауынгерлік іс-қимылдарды (операцияларды) ұйымдастыруға, қару-жарақ пен әскери техниканы тиімді басқаруға және қолдануға шешім қабылдау үшін жергілікті жерді зерделеу мақсатында барлық деңгейдегі командирлер қолданады.

Қарулы Күштерде топогеодезиялық қамтамасыз ету міндеттерін орындауды ұйымдастыру Бас штаб бастығының геоақпараттық қамтамасыз ету департаментіне жүктелген.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны