20.05.2020, 17:47 4172

Әскерлерге карантинді сақтау бойынша шараларды босаңсытпау тапсырылды

Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментінің құрылуына байланысты Қорғаныс министрімен осы бағыт бойынша жаңартылған жұмыс форматын ескере отырып, РХБ қорғаныс бөлімшелерін әскерлерде ұйымдастыру туралы нұсқау берілді.

Алматы. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Әскерлерге карантинді сақтау бойынша шараларды босаңсытпау тапсырылды.

Қорғаныс министрлігінде апта сайынғы аппараттық кеңес барысында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, арнайы эшелондармен тасымалдауды ұйымдастыру, әскерлердегі санитарлық-эпидемиялық шаралар, сонымен қатар ағымдағы міндеттер талқыланды.

Коронавирусқа қарсы іс-қимыл мәселесі жайлы Қорғаныс министрі әскери бөлімдер мен мекемелерде қабылданған шаралар мен шектеулерді әлсіретуге мүлдем болмайды деп атап өтті.

Вирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға бұрын тартылған жеке құрам өз үйлерінде оқшауланған. Әскери-медициналық қызмет азаматтық мамандарға көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұрын іске қосылған Әскери-медициналық қорға, Нұр-Сұлтан мен Алматыда коронавирус диагнозымен расталған пациенттерді қабылдау үшін қосымша Талдықорған әскери госпиталі бөлінді.

Мерзімді қызметке шақыру мен 2019 жылдың көктемінде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару барысында санитарлық талаптарды сақтау ұйғарылды. Белгіленген мерзімде қызмет еткеннен кейін олар өздерінің әскери бөлімдерінің жауынгерлік туымен қоштасады. Биылғы жылы мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шығарып салу шектеулі форматта өтеді, әскери басшылықпен барлық салтанатты іс-шаралар болмау жөнінде нұсқау берілді.

Карантин кезеңінде жеке құрамды шектеулі қозғалыс жағдайында тасымалдау үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясымен бірлесе отырып алғаш рет арнайы әскери поездар құрылды. Тасымалдау санитарлық нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Атап айтқанда әскери дәрігерлер бірге жүру, вагондарды үнемі дезинфекциялау, міндетті медициналық маскалар. Поездың жүру станцияларында әскери комендатураның қызметкерлері мен әскери полиция бірлесе отырып тексереді.

Радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік департаментінің құрылуына байланысты Қорғаныс министрімен осы бағыт бойынша жаңартылған жұмыс форматын ескере отырып, РХБ қорғаныс бөлімшелерін әскерлерде ұйымдастыру туралы нұсқау берілді.

Кеңес барысында Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізілетін жұмыстар қаралды. Қорғаныс ведомствосымен алдын алу шараларының тұтас кешені қабылдануда, басқа мемлекеттік органдармен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен өзара іс-қимылда бұзушылықтарды анықтау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте жеке жауапкершілік барлық деңгейдегі командирлерге жүктелген. Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа кінәлі адам жауапқа тартылса, оның тікелей басшысы қызметінен шеттетіледі. Бұдан бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы барысында осы бағыттағы жұмысты жандандыру бойынша жүйелі шаралар айқындалды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында әскери қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың сенімін арттыру үшін әскери ведомство "Қарулы Күштер - Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесін ашты. Оған азаматтар, жеке және заңды тұлғалар кедергісіз Қарулы Күштер тіршілігінің кез келген мәселелері бойынша жүгіне алады.

Бұл ретте жеке жауапкершілік барлық деңгейдегі командирлерге жүктелген. Егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына кінәлі адам жауапқа тартылса - қызметінен оның тікелей басшысы шеттетіледі.

Жеке жауапкершілікке байланысты айта кетейік, Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының тыл жөніндегі орынбасары және Десанттық-шабуылдау әскерлерінің азық-түлік қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны