09.06.2014, 22:30 3228

СҚО әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Петропавлда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы салынады. Бұл жерде автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру сияқты қызметтер көрсетіледі деп жоспарланған. Изірге құрылыс басына су мен кәріздік жүйе тартылған.

Алматы. 9 маусым. Kazakhstan today. СҚО басшысы Ерік Сұлтанов облыстағы бірқатар нысандарды аралап, құрылыс алаңдарында болды.

Петропавлда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы салынады. Бұл жерде автокөлікті тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру сияқты қызметтер көрсетіледі деп жоспарланған. Изірге құрылыс басына су мен кәріздік жүйе тартылған. Облыс әкімі мердігер компания басшысына нысан басындағы жұмыстың баяу басталып жатқандығын айттып, құрылысшы санын көбейтуді тапсырды, деп облыс әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Бұдан кейін өңір басшысы С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрында, "Метро" ойын-сауық орталығында болып, нысандардың жай-күйімен танысты.

Ерік Сұлтанов бұл күні құрылысы тоқтағалы біраз болған "Достық" орталығы мен Жамбыл-Челюскин көшелерінің қиылысында салынбай қалған 9 қабатты үйдің орнында болып, нысандарды толыққанды іске қосу мүмкіндіктерін талқылады.

Облыс әкімі тоқтаған тағы бір нысан - "Жастар үйінің" құрылысы үстіміздегі жылдың соңында аяқталуы керек. Изірге жертөлесі ғана қаланған. Облыс әкімі "Арқау құрылыс" серіктестігінің басшысы Ғалымжан Көпішевке жаздың аз айын пайдаланып, жұмысты өндіріп істеп алуды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны