28.07.2017, 19:40 3900

СҚО әкiмi ауылдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етудi тапсырды

Бiзде 2 негiзгi сала бар - ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп. Уақыт өткен сайын және әр күн нәтиже беруге тиiс. Бiз тұрақты жұмыс орындарын ашып, бизнеске көмектесуiмiз керек. 2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 27 976 тұрғын жұмыспен қамтылған. Бiр жыл өткеннен кейiн ол - 26 592 адам екенiн көрiп отырмыз. Жұмыс қолы 1 384 адамға қысқарған.

Петропавловск. 28 шілде. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ Аққайыӊ ауданындағы жұмыс сапары Смирново ауылындағы сапаржаймен танысудан басталды. Ұйымныӊ басшысы Любовь Котляровскаяныӊ айтуынша, ғимарат өткен ғасырдыӊ 80-жылдары пайдалануға берiлген, сондықтан апатты жағдайда болғандықтан, қайта жаӊартуды қажет ететiн. Қазiр онда күрделi жөндеу жүргiзiлiп жатыр.

"Жұмыс 1 шiлдеде басталды, тамыз айыныӊ соӊына дейiн аяқтауды жоспарлап отырмыз. Онда тұрақ боксы, мында күту залы болады. Барлығы да талапқа сай әдемi жасалады. Адамдарға қолайлы болу үшiн, кассаны кiшкене жылжытамыз, жылы зал мен жылы бокс жоспарлануда", - деп өз ойымен бөлiстi Любовь Котляровская.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов бұл нысан әлеуметтiк сала үшiн маӊызды рөл атқаратындығын атап айтты.

"Экономика дамуда. Смирнова арқылы жолаушылардыӊ мол нөпiрi өтедi. Барлық округтермен байланыс орнатылған, өтпелi автобустар да көп. Басты мiндет - жолаушыларды тасымалдауды жақсарту. Сондықтан тұрғындар үшiн барлық жағдай жасалуға тиiс", - дедi Құмар Iргебайұлы.

Облыс әкiмi келесi болған нысан - "СПК МОЛ ТД" өндiрiстiк кооперативi.Нысанды салу өткен айда басталыпты. Оны қазан айында аяқтау жоспарлануда. Онда тазартылған сүт, йогурт сүт қоспалары мен қышқылтым сүт өнiмдерiн шығару жоспарлануда. Кооператив iске қосылғанда 13 жұмыс орны ашылады.

Кәсiпорынныӊ директоры Евгений Даньконыӊ сөзiне қарағанда, кооперативке 20 адам бiрiккен, сүттi ауданныӊ 4 округiнен сатып алады.

"Сүттi 85 теӊгеге сатып аламыз.Бiз мал басын көбейтумен айналысудамыз. Округтерде адамдар ауыл шаруашылығын дамытуға ынталы, әсiресе сүт бағытындағы малдарды. Бiз 15 күн сайын есеп айрысамыз. Григорьевка ауылында тұратын бiр әйел бiр айда 300 мыӊ теӊгенiӊ сүтiн тапсырады. Ол шаруашылығын кеӊейтiп, 20 шақты сиыр ұстайды", - дедi Евгений Данько.

Облыс әкiмi ауыл шаруашылығын кооперативтендiру үшiн мемлекет барлық жағдайды жасап жатқандығын тiлге тиек еттi.

"Мемлекеттiӊ мiндетi - сүт өӊдейтiн қосындарды, танкерлердi ашу. Бүгiн Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша кооперативтендiру жүргiзiлуде. Қазiрдiӊ өзiнде 10 мыӊдай адам бiрiктi. Бұл жұмысты жалғастыратын боламыз. Адамдар сүт, ет алуға, көкөнiс өсiруге тиiстi. Мемлекет оларды сатып алу және өткiзу тетiгiн жасауға тиiс. Жеке қосалқы шаруашылықтыӊ әлеуетi дегенiмiз - адамдар жұмыс iстейдi және белгiлiктi сомада тұрақты пайда табады. Бiреу үшiн жұмыс iстеудiӊ қажетi жоқ, тек өзiӊ үшiн жұмыс iстеу керек. Қазiр сондай тетiктер жасалған. Тек оған адамдар көп жұмылдырылуы керек", - дедi Құмар Ақсақалов.

Одан кейiн әкiм егiн алқаптарындағы технологиялардыӊ сақталуын тексердi. Тұтастай алғанда Аққсайыӊ ауданында қолайлы жағдай қалыптасқан.

Аялдамалардыӊ бiрiнде "Симарго"ЖШС-нiӊ егiс алқабы қаралды. Компания директоры Владимир Пожиткин алқаптарда барлық жағдай сақталатындығын айтып бердi.

"Биыл егiстiк алқап 6130 гектарды құрады. Тұтастай алғанда жерлерiмiздiӊ барлығы пар мен сүдiгер. Ауыспалы егiс бiзде қатаӊ сақталады, әрбiр алқапта есеп кiтапшасы бар. Көтемде ылғал жабамыз, сосын егiн себу, сосын катоктаймыз. Өскiндер мен арамшөптердiӊ шығуына қарай гербецидпен өӊдеймiз.Биыл жердi өӊдедiк, бiр бөлiгi жәрдемқаржыландырылды, бiр бөлiгi өз қаражатымызға. Фунгицидпен барлық егiстiк алқабын өӊдедiк, арпаны 2 рет", - дедi Владимир Пожиткин.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов жүргiзiлген жұмыс өз нәтижесiн берiп жатқандығын атап айтты.

"Технология сақталады, тыӊайтқыш толығымен сiӊiрiлген. Соған орай астықтыӊ шығымдылығы да жақсы екендiгi көрiнiп тұр. Гүлдеп, масақтанып жатқаны - түсiнiктi. Бiзге сапа жақсы болу үшiн күннiӊ ыстығы ғана керек", - дедi облыс әкiмi.

Сол сияқты облыс әкiмi Аққайыӊ ауданында ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы алқаптарындағы жағдаймен де танысты.

"Бiз жаздық бидайдыӊ 3-сұрыбын, отандық орташа-кеш "Астана", "Астана 2" және "Омбы-35" бидайларыныӊ 2-сұрыбын шығарамыз. Бiздiӊ технологиямызға сәйкес орташа-ерте, орташа-кеш сұрыптарын ұсынамыз", - дедi "Солтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясы" ЖШС директоры Белгiбай Қанафин.

Өӊiр басшысы егiндi қарап, технологитяны сақтаудыӊ маӊызды екендiгiн тағы да атап айтты.

"Элита парға себiлген. Ауа райын болжау қосындары әрбiр ауданда бар. Түскен ылғал оӊтайлығы жақын екендiгiн көрiп отырмыз. Оӊтүстiк өӊiрлерде жауын-шашын аздау, жетiспеушiлiк байқалады. Бiзде - солтүстiк пен шығыс бөлiктерде өлшем бойынша нормаға жақын. Өӊiрiмiзде құрғақшылықты байқап отырған жоқпыз, сондықтан өсiмдiктердiӊ өсу қарқыны қалыпты жағдайда өтуде деп айта аламыз. Бастысы - технология. Технология болса, астықпен қамтамасыз етiлемiз", - деп атап көрсеттi өӊiр басшысы.

Алайда барлық алқаптарда қолайлы жағдай қалыптаспаған. Григорьев аулдық округiндегi "Парунов" ЖШС-нiӊ зығыр алқабы қараусыз қалғаны байқалды.

"Қара сұлы, палыӊ сияқты арамшөптер болмауға тиiс. Қара сұлы - еӊ зиянды арамшөп. Шаруа қожалығыныӊ жерге дұрыс қарамайтындығын бiрден көрсетiп тұр. Бiз қаншама жол жүрiп, жердiӊ жақсы жағдайда екендiгiн байқадық. Барлығында бiрдей жағдай, алайда оған жақсы көзқарас - жоқ. Мұндай жер пайдаланушыларды жауапкершiлiкке тарту керек. Аудан осы жер пайдаланушыға байланысты не iстегенiн бiлгiм келедi. Қандай шара қолданылды?", - дедi аудан әкiмi Дәурен Байтөлешевке өӊiр басшысы.

Аудан әкiмi жердi тиiмдi пайдалану бойынша тексерiс жүргiзiлiп, өтiнiм инспекциясына жолданатындығына сендiрдi.

Аққайыӊ ауданына сапар соӊында Смирнова ауылында аудан активiмен кездесу өттi. Кездесудi ашқан Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуыныӊ қорытындысына тоқталды.

"Өнеркәсiптiӊ дамуы бойынша елiмiзде төртiншi орындамыз. Ауыл шаруашылығы бойынша да өткен жылға қарағанда өсiм бар. Бөлшек сауда өстi. Облыс бойынша 41%-ға артық тұрғын үй салдық. Бұл облыс бойынша жасаған негiзгi қорытындымыз. Облыс өӊiрiмiздiӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуына үлес қосып жатқан аудандардан, қалалардан тұратыны белгiлi", - дедi өӊiр басшысы.

Облыс әкiмi экономиканыӊ дамуы банк жүйесiнiӊ өсiмiне әсер ететiндiгiн алға тартты. СҚО-дағы екiншi деӊгейлi банктер филиалдарында 2016 жылдыӊ 1 жартыжылдығында жеке тұлғалардыӊ депозиттерi 101 млрд. теӊге болса, үстiмiздегi жылдыӊ сәйкес мерзiмiнде - 127 млрд. теӊге болды.

"Адамдар көп салым сала бастады. Жедел салымдар өстi - 100 млрд. теӊге болса, биыл 125 млрд. теӊге. Ұлттық валютадағы депозит өткен жылы 52,4 млрд. теӊге едi, қазiр - 88 млрд. Яғни адамдар ұлттық валютаға сенедi. Соған орай шетелдiк валютадағы депозиттер азайды", - дедi Құмар Ақсақалов.

Содан кейiн Аққайыӊ ауданыныӊ әкiмi Дәурен Байтөлешев бiрiншi жартыжылдықтағы өзгерiстер жайында баяндады.

"Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiӊ жалпы көлемi үстiмiздегi жылы 3 миллиард 125 миллион теӊге болды. Ауданныӊ жалпы егiс көлемi 214 мыӊ гектар. Оныӊ 144 мыӊына - дәндi, 44 мыӊына - майлы, 23 мыӊына жемазықтық дақылдар себiлдi. Бiз әртараптандыру жүргiзiп, майлы дақылдар алқабын 14 мыӊ гектарға ұлғайттық", - дедi Дәурен Байтөлешев.

Сол сияқты Аққайыӊ ауданыныӊ әкiмi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi дұрыс пайдалануға байланысты 2015-2016 жылдары және 2017 жылдыӊ бiрiншi жартыжылдығында 32 мыӊ гектар алқапқа 46 тексерiс жүргiзiлгенiн тiлге тиек еттi. Қорытындысы бойынша 5 млн. теӊгеден астам сомаға 29 әкiмшiлiк айыппұл салынған.

Содан кейiн облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Қайрат Омаров пен Индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ басшысы Жанат Сәдуақасов баяндама жасады.

Қайрат Омаров ауданныӊ ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге 1 млрд. 612 млн. теӊге көлемiнде жiрдемқаржы берiлгенiн, соныӊ өзiнде еӊбекақы қоры 777 млн. теӊгенi, салық 344 млн. теӊгенi құрағанын атап айтты.

Өӊiр басшысы жәрдемқаржы алғаннан кейiн аграршылар тұрақты жұмыс орнын ашып, адамдарға лайықты еӊбекақы төлеуi керектiгiн атап айтты.

"Қазiр мемлекет есебiнен еӊбекақы мен салық төлейтiн болып отырмыз. Мемлекет сiздер үшiн өз қаржысымен салық төлеп жатыр. Жұмыс iстеуге жағдай жасалған. Осы жағдайда кейбiреулер көмек пен минаралдық тыӊайтқыштарды пайдаланбайды. Бiздiӊ басты мiндетiмiз - әртүрлi бағдарламалар арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу. Илеуеттi мүмкiндiктердi пайдалану керек", - дедi облыс әкiмi.

Ауданда бiлiм беру мен медицина саласында бiлiктi мамандарға қажеттiлiк бар. Дефециттiӊ бiр бөлiгi ауданға жас мамандардыӊ келуiмен жабылады.

Қорытынды жасай келе, Құмар Ақсақалов тұтастай алғанда аудан дұрыс бағытта келе жатқандығын атап айтты. Алайда пайдаланылмай жатқан резервтер бар. Өӊiр басшысы аудан әкiмiне ауданға еӊбек етуге келген жас мамандарға қосымша көмек көрсетудi, тұрғын үймен қамтамасыз етудi тапсырды. Сол сияқты әкiм жергiлiктi аграршыларды ауданныӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуына көмек көрсетуге және инвестиция салуға шақырды.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ Тайынша ауданына жұмыс сапары "Степноишим тәжiрибе станциясы" ЖШС-нiӊ егiстiк алқаптарын тексеруден басталды. Агроқұрылым басшысы Александр Кобзевтiӊ айтуынша, өткен жылы астықтыӊ өнiмдiлiгi 20 центнердi, жасымықтiкi - 15 центнердi құрады.

Облыс әкiмi барлық жағдай сақталған егiстiӊ сапасын бағалады.

"Бидай себiлген, алдында жасымық болған, дәндi дақылдар үшiн осы қолайлы. Ирине, бәрiнен де пар жақсы. Технологиялар мен дәндi-бұршақты егiстi сақтаған жағдайда бұған дейiн егiлген жасымық та жақсы рөл атқарады. Мұнда барлық жағдай сақталғанын, тыӊайтқыштар, гербецидтер сiӊiрiлгенiн, қажеттi жұмыстар атқарылғанын көрiп отырмыз. Жағдай жақсы, оны бидайдыӊ сабақтарынан, өсу қарқынынан көрiп тұрмыз", - дедi Құмар Ақсақалов.

Келесi аялдамада рентабельдi дақылдардыӊ бiрi - үлгiлi рапс алқабы қаралды. Өткен жылы өзiндiк құны 25-30 мыӊ теӊге жағдайында, бiр тоннасы 125 мыӊ теӊге болды. Осы жағдайда, ұқсату бойынша жергiлiктi кәсiпорындарға тапсырған майлы дақылдардыӊ әрбiр тоннасына жәрдемқаржы берiледi. Жасымық алқаптарында да жақсы жағдай қалыптасқан. Ауа райы мүмкiндiк берсе, осы дақылдарды жинау 15 күннен кейiн басталады.

Аққайыӊ және Тайынша аудандарыныӊ астық алқаптарын байқай келе, облыс әкiмi БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында майлы дақылдар бойынша жақсы жағдай қалыптасып отырғанын атап айтты.

"Көктемде ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен келiскендей, әртараптандыру аясында, майлы дақылдар алқабын 200 мыӊ гектарға дейiн көбейттiк. Бүгiн бiз атқарылған жұмыстыӊ сапасын көру үшiн аудандарға шықтық. Екi ауданда майлы дақылдардыӊ жақсы өсiп тұрғанын байқадық. Биылғы жыл рапстiкi деуге болады. Технология сақталса, бiздiӊ жерiмiз нәтиже бередi. Мемлекеттiӊ мiндетi - жердi пайдалану құқығы берiлген агроқұрылымдардыӊ алқаптарды дұрыс пайдалануын бақылау. Бұл жер көптi асырайды. Бiз азық-түлiк қоржынымен болуға тиiспiз. Мемлекет басшысы осындай мiндет қойып отыр. Сондықтан әрбiр ауылдық округтiӊ әкiмi өз аумағындағы жердiӊ қалай пайдаланылатындығын бiлуге тиiстi. Ауылдық округтердiӊ әкiмдерi - бiздiӊ аумақтық өкiлдерiмiз", - дедi Құмар Ақсақалов.

Содан кейiн Тайынша ауданыныӊ орталығында облыс әкiмi ауданныӊ тұрғындарымен кездестi. Кездесуде ауданныӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен өзектi мәселелер талқыланды. Олардыӊ бiрi - ауданныӊ тұрғындарын жұмыспен қамту. Аудан тұрғындарыныӊ саны нелiктен азайып келедi.

Облыс әкiмi осы бағыттағы аудан басшыларыныӊ жұмысын сынға алды.

"Бiзде 2 негiзгi сала бар - ауыл шаруашылығы мен өнеркәсiп. Уақыт өткен сайын және әр күн нәтиже беруге тиiс. Бiз тұрақты жұмыс орындарын ашып, бизнеске көмектесуiмiз керек. 2016 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 27 976 тұрғын жұмыспен қамтылған. Бiр жыл өткеннен кейiн ол - 26 592 адам екенiн көрiп отырмыз. Жұмыс қолы 1 384 адамға қысқарған. Абай ауылдық округiнде - 275 адам минус, не кетiп қалған, не жұмыссыз қалған. Драгомировка - еӊбек жасындағы 139 адам минус, олар да не кетiп қалған, не жұмыссыз қалған. Бұл - жұмысқа қабiлеттi адамдарды тарту және жаӊа жұмыс орындарын құру бойынша шаруашылық субьектiлерi мен ауыл округтерi әкiмдерiнiӊ тиiмдi жұмыс iстемегендiгi", - деп мәлiмет келтiрдi облыс әкiмi.

Жұмыс сапарыныӊ соӊында өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығындағы, әсiресе мал шаруашылығы бағытындағы жұмысты белсендi етудi тапсырды. Бұдан басқа, облыс әкiмi аудан басшыларыныӊ алдына жұмыссыздар санатындағы азаматтарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етудi және еӊбекақыны көтеру бойынша барлық жағдайды жасау мiндетiн қойды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны