03.04.2017, 19:01 4488

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтудi тапсырды

СҚО Облыстық әкiмдiкте өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша ведомствоаралық комиссияныӊ отырысы өттi

Петропавловск. 3 сәуір. Kazakhstan Today - N?I Облыстық әкiмдiкте өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша ведомствоаралық комиссияныӊ отырысы өттi. Мәжiлiс барысында жер қатынастары саласында жемқорлыққа қарсы заӊнаманы сақтау, рухани-адамгершiлiк және азаматтық-патриоттық тәрбиеге байланысты оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар талқыланды.

Отырыста облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ басшысы Есенгелдi Кәрiбаев бiрiншi болып сөз сөйледi. Ол 2016 жылы облыстық жер комиссиясы 6 отырыс өткiзiп, онда жер учаскелерiн беру туралы 21 өтiнiш қаралғанын, олардыӊ 17-сi қанағаттандырылып, 4-уi қабылданбағанын атап айтты.

"Қазiргi кезде жер мәселесi еӊ маӊыздылардыӊ бiрi саналады. Осы мақсатта ҚР Ауыл шаруашылығы министрi жер реформасы мәселесi бойынша түсiндiру жұмыстарыныӊ республикалық жоспарын бекiттi, соныӊ негiзiнде Өӊiрлiк жоспар жасалды. Жоспарды орындау үшiн облыстыӊ аудандарында жұмыс топтары құрылды, олар тұрғындардыӊ арасында жер заӊнамасын түсiндiрумен айналысатын болады", - дедi Есенгелдi Кәрiбаев.

Баяндаманы тыӊдай келе, Құмар Ақсақалов тұрғындар мен басқарма жұмысы арасында мөлдiрлiктi қамтамасыз ету үшiн, қоғамдық бақылау жұмысын күшейтуге арналған тетiк әзiрлеудi тапсырды.

"Жер қатынастары осы уақытқа дейiн әскери құпия сияқты. Мен аудан әкiмдерiнiӊ сайттарын қарадым, оларда ақпарат өте аз, қолжетiмдiлiгi де шамалы. Кiм, қашан жер алғанын, келесi кезекте кiм екендiгiн адамдар бiлуi тиiс. Сол сияқты жер бөлумен айналысатындарды, мысалы - бөлiм басшыларын тексеру керек. Жердiӊ әрi қарай бөлiнуi кейде соларға байланысты. Олардыӊ жұмысын қарау қажет", - дедi Құмар Iргебайұлы.

Бiлiм басқармасы басшысыныӊ орынбасары Владимир Ткаченко рухани-адамгершiлiк және азаматтық-патриоттық тәрбиеге байланысты оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар жайында баяндады. .

Пәндiк курстарды оқу барысында қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуге, жемқорлықты қабылдамауға, жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыруға ерекше көӊiл бөлiнедi.

"2016 жылдыӊ қаӊтар айынан бастап жалпы бiлiм беретiн 440 ерiктi "Адал ұрпақ" мектеп клубтары және "Парасатты азамат" бұрыштары құрылды. Ерiктi "Адал ұрпақ" мектеп клубтарыныӊ негiзгi мақсаты - мектепте жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру, жемқорлыққа байланысты төзбеушiлiктi нығайтуға арналған бастамаларды мадақтау, жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыруға қатысу",- дедi Владимир Ткаченко.

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов осы бағытта ұйымдастырылған барлық шараларға оқушылар мен жасөспiрiмдердi дұрыс қызықтыра бiлу керектiгiн атап көрсетi.

"Бiздiӊ барлық жұмысымыздыӊ әсерi, нәтижесi теория жүзiнде емес, нақты көрiнуге тиiс. Кез келген лекция ақшаға оқылады. Сiздердiӊ қызмет аяларыӊ кеӊ деп есептеймiн. Мемлекет басшысыныӊ бастамалары жастар, қоғамдық және оқушылар арасында өткiзiлгенi және жүзеге асырылғаны өте маӊызды", - деп нақтылады облыс әкiмi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны