14.04.2017, 23:34 5743

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жерлестер форумын өткiзудi ұсынды

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жерлестер форумын өткiзудi ұсынды. Өйткенi Отанымыздыӊ дамуы үшiн кiмнiӊ қомақты үлес қосып жатқанын елiмiз бен өӊiрлердiӊ тұрғындары бiлуге тиiс. Ол адамдар басқаларға үлгi болады.

Петропавловск. 14 сәуір. Kazakhstan Today - М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов студенттермен, оқытушылармен және жұртшылықпен кездестi. Жиналғандар Мемлекет басшысы Н.И. Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласын талқылады.

Кездесудi ашқан М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiӊ ректоры Серiк Өмiрбаев Президент жоғары жауапкершiлiктi Бiртұтас Ұлт қалыптастыру және бұқаралық сананы өзгерту бойынша өз ойымен бөлiскенiн атап айтты.

"Елбасы бұқаралық сананы жаӊғырту бойынша ауқымды мiндеттер белгiлеп, елiмiздi сапалы жаӊа даму деӊгейiне жеткiзетiн халқымыз үшiн жаӊа көкжиектердi көрсеттi. Бұл бағдарламалық материал "Жаӊғырту 3.0"-дiӊ бөлiнбейтiн бөлшегi болып табылады",-дедi Серiк Өмiрбаев.

Жастар мен облыс активi алдында сөз сөйлеген өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов осы кездесу орны тектен-текке таӊдалып отырмағанын қадай айтты. Өйткенi Мемлекет басшысыныӊ бағдарламалық материалы, бәрiнен бұрын, жастар мен болашаққа арналған.

"Жаӊғыртудыӊ басты мәнi маӊызды саяси және экономикалық реформаларды жүргiзу болып табылады. Мемлекет басшысы бағдарламалық мақалада жариялаған бұқаралық сананы жаӊаша жаӊғырту, әрине, бiздiӊ елiмiздегi барлық ауқымды реформалардыӊ идеологиялық ұйытқысы болады. Президент бiрқатар басымдықтарды атады. Бiрiншi басымдық-бәсекелiк қабiлет. Бәсекелiк қабiлет-әрбiр азаматтыӊ, әсiресе жастардыӊ қоғамда талап етiлуi. Бәсекеге қабiлеттi болу үшiн заманауи технологияларды, осы заманғы бiлiмдi, әрине, тiлдердi меӊгеру керек. Осы жайлы Мемлекет басшысы әрдайым айтады. Өте қысқааралық мерзiмде жақсы нәтижелерге қол жеткiзген көптеген алдыӊғы қатарлы мемлекеттердiӊ тәжiрибесi нақ осы бәсекеге қабiлеттiлiктiӊ қағидаларын алып, жақсы нәтижелерге қол жеткiзгенiн көрсетедi. Президент бiздiӊ алдымызға осы мiндеттердi қойып отыр",-дедi облыс әкiмi.

Құмар Ақсақалов "прагматизм" түсiнiгiне де тоқталды. Ол-саламатты өмiр салтына иек артып, оӊтайлы өмiр сүре бiлу, қорларға құнттылықпен қарау. Мысалы, солтүстiкқазақстандықтар жердi ұқыптылықпен пайдалана бiлуi керек екендiгiн облыс басшысы атап айтты. Ұлттық даралықты сақтау бойынша үлкен жұмыс атқаруымыз қажет.

"Бiз өз өлкемiздiӊ тарихымен, тiлiмен, мәдениетiмен мақтануға тиiспiз. Бiздiӊ облыста бейбiтшiлiк пен келiсiмде 100-ден астам этнос өмiр сүрiп жатыр. Осы жерде сөзiмдi жастарға арнағым келедi: сiздердiӊ буынныӊ басты мiндетi-бейбiтшiлiк пен тұрақтылық саласында аға ұрпақтыӊ бүгiнгi күнi iстегендерiн сақтау және еселей түсу керек. Бұл-экономиканы дамытуда бiздiӊ қол жеткiзген басты жетiстiгiмiз. Осы жайлы Президент тағы да атап көрсеттi",-дедi өӊiр басшысы.

Облыс әкiмi жаӊғыртудыӊ төртiншi бағыты-бiлiмнiӊ салтанат құруына нақты тоқталды.

"Осы заманғы өмiрде бiлiм ғана табысты болудыӊ еӊ iргелi, басты факторы. Президент өз мақаласында тәуелсiздiк жылдарында бiлiмдi дамытуға ерекше көӊiл бөлiнгенiн атап айтады. Бүгiнгi күнi бiздiӊ мемлекетiмiздiӊ әрбiр жас адамы елiмiздiӊ ғана емес, шетелдердiӊ де үздiк ЖОО-ларына түсуiне мүмкiндiгi бар. Осы кезге дейiн 12 мыӊнан астам студент "Болашақ" бағдарламасы бойынша бiлiм алды және олардыӊ арасында өте көп бiздiӊ солтүстiкқазақстандық балалар да бар. Жыл сайын бiлiмге бөлiнетiн шығын елiмiзде ғана емес, облысымызда да көбейiп келедi. Ол 48 млрд. теӊгеден асады. Биыл да қаражат өсiп отыр. Осыныӊ өзi мемлекеттiӊ бәсекеге қабiлеттi бiлiмдi ұрпақ өсiп шығуына қамқорлық жасап отырғанын көрсетедi",-дедi Құмар Iргебайұлы.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жерлестер форумын өткiзудi ұсынды. Өйткенi Отанымыздыӊ дамуы үшiн кiмнiӊ қомақты үлес қосып жатқанын елiмiз бен өӊiрлердiӊ тұрғындары бiлуге тиiс. Ол адамдар басқаларға үлгi болады.

Кездесуде М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дiӊ профессоры Зарқын Тайшыбай сөз алып, бағдарламалық мақалаға орай өз ойын ортаға салды.

"Бүгiнiгi жастар Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде оқып жатқан кезде Президентiмiздiӊ осы мақаласы жария етiлгенiн мақтан етуге тиiс. Сiздер осы құжатты талқылауға қатысып жатырсыздар және оны өмiрге енгiзетiн боласыздар. Бiз әлемдiк маӊызы бар мемлекеттiк iстi талқылап жатырмыз. Бiзде газ да, нан да, байтақ жерiмiз де бар. Қазақстан өзiнiӊ мәдениетiмен, бiлiмiмен, өздерiнiӊ ұл-қыздарымен танымал болуға тиiс",-дедi университеттiӊ профессоры.

Солтүстiк Қазақстан облысындағы "Барбанг" курдтарыныӊ қауымдастығы ӨҚБ филиалыӊы төрағасы Рашид Надиров, педагогика ғылымыныӊ магистрi, Назарбаев Зияткерлiк мектебiнiӊ тарих пәнiнiӊ мұғалiмi Дiлбар Бегалина да көтерiлген мәселеге орай өз ойларын ортаға салды

"Президенттiӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласы идеологиялық бағытты айқындайды. Онда бұқаралық сананы жаӊғыртуға арналған жобалар берiлген. Менi жаӊа гуманитарлық бiлiм беру бағыты мен "100 жаӊа кiтап" жобасы қызықтырды. Илемдегi 100 үздiк кiтап қазақ тiлiне аударылмақ. Ол жастардыӊ өз бiлiмiн байытуына мүмкiндiк бередi",-дедi Дiлбар Бостандыққызы

"БЭСТ" гимназиясыныӊ директоры Надежда Заиченко да бiлiм-болашақта жетiстiкке жетудiӊ еӊ iргелi факторы екендiгiне назар аударды

"Нұрсұлтан Ибiшұлы қазақ тiлiн латыншаға көшiрудiӊ қажеттiгi туралы айтады. Сонау 1929 жылы 7 тамызда ҚазКСР орталық атқару комитетi мен Халком Президиумы латын негiзiнде бiрыӊғай алфабиттi енгiзу туралы қаулы қабылдаған болатын. Латын алфабитi 1929 жылдан 1940 жылға дейiн қолданылды. Ал 1940 жылдан бастап қазақ тiлi орыс графикасы негiзiндегi алфабитке көшiрiлдi. Қазақ тiлiн соған немесе басқа алфабитке көшiру саяси мақсатта жүзеге асырылған. Қазiр ол тек алфабиттi ауыстыру емес, ол бiз үшiн iлгерiлеуге бағытталған өркениеттi таӊдау болады. Латын алфабитiне көшуде тереӊ мағына бар. Ол жаӊа технологиялар мен коммуникацияларды енгiзуге және 21 ғасырдағы ғылыми iлгерiлеуге байланысты",-дедi Надежда Заиченко.

Педагогтар мен студенттер Мемлекет басшысыныӊ идеясын қолдайтындығын және Нұрсүлтан Ибiшұлы Назарбаев белгiлеген мiндеттердi жүзеге асыруға бар күш-жiгерлерiн жұмсауға әзiр екендiктерiн жеткiздi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны