05.04.2017, 19:06 4838

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Қызылжар ауданында болды

Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылында болып, хоккей корты, дене тәрбиесi және сауықтыру кешенi, Мәдениет үйi сияқты маӊызды әлеуметтiк нысандарда болды, "Зенченко және К" КС-нiӊ мал шаруашылығы кешенiмен танысты.

Петропавловск. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Өӊiр басшысы Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданындағы Новоникольск ауылында болып, хоккей корты, дене тәрбиесi және сауықтыру кешенi, Мәдениет үйi сияқты маӊызды әлеуметтiк нысандарда болды, "Зенченко және К" КС-нiӊ мал шаруашылығы кешенiмен танысты.

Дене тәрбиесi және сауықтыру кешенiнде волейбол және баскетбол алаӊдары, тренажер және фитнес залдары, әдiстемелiк кабинет, шешiнетiн бөлме, душ, бассейн, бильярд ойнайтын орындар орналасқан.

"Зенченко және К" КС-нiӊ бас директоры Геннадий Зенченко бiр айдыӊ iшiнде кешенде бассейн iске қосылатындығын айтты.Мәдениет үйiнде ересектер мен балалар үшiн хореография және ән айту сабақтары жүргiзiледi екен Онда тiлек бiлдiргендердiӊ барлығына шығармашылық қабiлеттерiн дамыту үшiн қажеттi жағдай жасалған.

Өӊiр басшысы командиттiк серiктестiктiӊ мал шаруашылығымен де танысты. Геннадий Зенченко құрылысқа қажеттi жабдықтардыӊ барлығын өздерi сатып алатындығын атап айтты. 2017 жылдыӊ басынан берi кешеннiӊ мал төлдеу бөлiмiнде туған бұзаулардыӊ саны 950-дi құраған.

"Жақсы кәсiпорын - барлығы үшiн үлгi. Шетелдерден келетiн көптеген әрiптестердiӊ өзi таӊғалады. Геннадий Геннадьевич өндiрiстi қолдау және дамыту үшiн қолдан келгеннiӊ барлығын жасап отыр. Сүтке қажеттiлiк жоғары болғандықтан, бұл сала кеӊейтiлуде. Мемлекет тарапынан даму үшiн барлық жағдайлар жасалады. Табиғи және таза өнiм әрқашан тұтынушысын жоғалтпайды", - дедi Құмар Iргебайұлы.

Серiктестiктiӊ өнiмi Қазақстанда ғана емес, Ресей Федерациясында да мол сұранысқа ие.

"Бiз күнiне 35 тонна сүт өндiремiз. Қазiр Қорған облысы ғана емес, Түмен облысы да сұрау салып жатыр. Бiздiӊ саясатымыз - тек қана өз өнiмiмiздi пайдаланамыз. Биыл 60 тонналық межеге шығуға тиiспiз", - деп өз жоспарымен бөлiстi Геннадий Зенченко.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны