12.04.2017, 17:04 4828

СҚО әкiмi Мамлют ауданыныӊ аграршыларын мемлекеттiк бағдарламаларға белсене қатысуға шақырды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болды. Өӊiр басшысы еӊ бiрiншi құрылыс материалдарын, терезе блоктарын, жиһаздар швғаратын, сол сияқты көлiк тасымалымен айналысатын кәсiпорынға ат басын тiредi.

Петропавловск. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Мамлют ауданында болды. Өӊiр басшысы еӊ бiрiншi құрылыс материалдарын, терезе блоктарын, жиһаздар швғаратын, сол сияқты көлiк тасымалымен айналысатын кәсiпорынға ат басын тiредi.

"Егер құрал-жабдық заманауи, соӊғы болса, оны жұмысбасты қылу керек. Жақсы дизайнерлердi, жаӊа технологияларды қатыстыру арқылы оны қалай iстеуге болатынын бiрге ойластырайық. Қазақстанда тұтастай алғанда жиһаздар фабрикасы көп емес екенiн бiз бiлемiз. Олар - жаӊа заманауи жиһаздар шығаратын алматылық, оралдық кәсiпорындар. Сондықтан осы секторға кету керек. Логистикалық орталыққа келетiн болсақ, биыл Қорғанға баратын жол жөнделе бастайды. Екi жылдыӊ iшiнде оны толығымен жөндеймiз",- дедi Құмар Ақсақалов.Одан кейiн өӊiр басшысы ұн өнiмiн өндiретiн және өткiзумен айналысатын "Мамлют ұн үгу комбинаты" ЖШС-да болды. Серiктестiктiӊ бас директоры Анатолий Шрамко ұйым туралы толығырақ айтып бердi.

"Құрал-жабдықтарымыз элеваторға түскен кез-келген астықты тазалауға мүмкiндiк бередi. Сапалы өнiм шығару үшiн, бiрiншiден құрал-жабдық, екiншiден шикiзат пен жоғары бiлiктi кадрлар керек. Солардыӊ бәрi бiзде бар. Сондықтан еӊ жоғары сапалы өнiм шығаруға дайынбыз", - дедi Анатолий Шрамко.

Иӊгiме барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов бiздiӊ өӊiр үшiн экспорт өте маӊызды екендiгiн сөз еттi. Осы жағдайда облыс өнiмдi аз көлемде өӊдейтiндiгiн және аз экспорттайтындығын Құмар Iргебайұлы атап айтты.

Мамлют ауданыныӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуы жайында әкiм Ерболат Бекшенов баяндады.

"Өткен жылы "Бизнестiӊ жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша 8 жоба болды. Оған 267 млн. теӊгенiӊ қолдауы көрсетiлдi. Бiрiншi тоқсанда 3 өтiнiм берiлдi. Бұл жұмыс әрi қарай жалғасуда. 2015 жылы еӊбекақы 68000 теӊге болса, 2016 жылы 80500 теӊгенi құрады. Өсiм 104,8 пайыз. Ауыл шаруашылығы бойынша тұтастай алғанда 79700 теӊгеден 83500 теӊгеге өстi. Көктемгi-дала жұмыстары бойынша жалпы алқап 196 мыӊ гектар, пар - 21 мыӊ гектар, егiстiк алқап - 175 мыӊ гектар. Дәндi дақылдарды 117 мыӊнан, 105 мыӊ гектарға азайттық, майлы дақылдарды 14 мыӊнан 21 мыӊ гектарға көбейттiк", - дедi Ерболат Бекшенов.

Осы жерде Құмар Ақсақалов агроқұрылым басшыларымен кездесiп, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердiӊ өзектi мәселесi болып табылатын техникалармен қамтамасыз етiлу, органикалық астық өсiру және технологияларды сақтау жағдайларын талқылады.

"Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру көлемi бойынша Мамлют ауданы бүгiнгi күнi көш соӊында келедi. Тартылған инвестиция да ауданда аз. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында бiр жоба да iске асқан жоқ. Неге? Оған барлық аудандар қатысуға тиiс. Тауарлы сүт фермаларын, ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру туралы айтудамыз. Бұл - жұмыссыз жүрген адамдардыӊ жұмыс табуына, салық төлеуiне жағдай жасайтын тетiктер Оны сiздермен бiрге ғана шешуге болады. Оған мемлекет жалғыз қатыса алмайды. Сондықтан сiздерден әлеуметке бағдарланған бизнес жүргiзудi сұраймыз",- дедi өӊiр басшысы.

Мал шаруашылығы саласын дамыту жайын сөз ете келiп, оған толық көлемде барлық мүмкiндiк бар екенiн атап айтты. Оныӊ iшiнде мемлекеттiк қолдаудыӊ тиiмдi тетiктерi де бар. Өз кезегiнде, жаӊа шаруашылықтардыӊ ашылуы өӊiрдегi өзiн-өзi қамтамасыз ететiндер мен жұмыссыз тұрғындар санын едәуiр мөлшерде азайтуға жағдай жасайды. Басқаша айтқанда - солтүстiкқазақстандықтардыӊ хал-ахуалын жақсартады.

Облыс әкiмi биыл бiрiншi рет элиталық тұқым алу демеуқаржыландырылатындығын да атап өттi.

"Бiздiӊ жоғары сапалы астық алуымыз үшiн барлық жағдайлар жасалуда", - дедi Құмар Ақсақалов.

Кездесу соӊында өӊiр басшысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi қапталда қалып қоймай, су тасқыны кезiнде тұрғындарға көмек көрсетуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны