15.09.2017, 11:46 4503

СҚО әкiмi Новоишимка ауылында жаӊа пәтерлердiӊ кiлттерiн табыс еттi

Бұрын 3-4 жылда 1000 пәтер пайдалануға берiлетiн болса, қазiр ол меже бiр жылда атқарылады. Бұл үрдiс жыл сайын өсетiн болады. Қоныстой иелерiн осы тамаша оқиғамен құттықтаймын", - дедi өӊiр басшысы.

Петропавловск. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданныӊ орталығында 50 пәтерлi үй пайдалануға берiлдi. Нысан Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында салынды. Қоныстой иелерiн Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов құттықтады.

"Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бiздiӊ мемлекетiмiздiӊ басты мiндеттерiнiӊ бiрi болып табылады. Сондықтан сәйкес түрде қаржы бөлiндi және республикамыздыӊ барлық жерiнде, оныӊ iшiнде бiздiӊ облысымызда үлкен құрылыс жүрiп жатыр. Бұрын 3-4 жылда 1000 пәтер пайдалануға берiлетiн болса, қазiр ол меже бiр жылда атқарылады. Бұл үрдiс жыл сайын өсетiн болады. Қоныстой иелерiн осы тамаша оқиғамен құттықтаймын", - дедi өӊiр басшысы.

Ирi қарай Құмар Ақсақалов салтанатты жағдайда жаӊа қоныс иелерiне пәтерлердiӊ кiлттерiн табыс еттi. Тұрғын үй алғандардыӊ iшiнде Амангелдi Дәрiпхан да бар. Ендi отбасымен олар жанға жайлы үш бөлмелi пәтерде тұратын болады.

"Бiз мұнда Алматы облысынан көшiп келдiк. Бұл жер бiзге ұнайды, өте тамаша қарсы алды. Балаларды мектеп пен балабақшаға орналастырдық. Өзiм музыка мектебiнде сабақ беремiн", - дейдi Амангелдi Дәрiпхан.

Үйдiӊ құрылысы өткен жылы басталған болатын. Оны "Солтүстiк құрылыс" ЖШС атқарып шықты.

Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасына қатысушылар тұрғын үй иелерi атанып отыр. Бағдарлама аясында олар қайта даярлаудан немесе кәсiби оқудан, жастар тәжiрибесiнен өттi және әлеуметтiк жұмыс орындарына орналасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны