Система Orphus

СҚО әкімі облыстың діни конфессиялары жетекшілерімен кездесті

10.07.2014, 19:39 821

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтанов өңірді аралау бойынша жұмыс сапары барысында Петропавлдың рухани орындарының бірі "Қызылжар" орталық облыстық мешіті мен Вознесенский кафедралды соборы және "Қасиетті Троица" рим-католик шіркеуінде болды.

Өңірлік діни бірестіктердің жетекшілерімен кездесу барысында облыс басшысы дінаралық және ұлтаралық келісімнің аспектілері мен дін саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерін талқылады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Икім қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтап тұруда өңірдің діни бірлестіктерінің қосқан үлестерін ерекше атап өтті. Сонымен қатар жергілікті діни ұйымдардың мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы диалогты ұстап тұрғаны үшін алғыс айтты.

"Бұл өңірдің рухани байлығын арттырып, қоғамдағы сенім мен руханиятты дамытуға айтарлықтай үлес қосады", - дейді әкім.

Өз кезегінде діни бірлестік жетекшілері облыс әкіміне тұрақты түрде қолдау көрсетіп назардан тыс қалдырмай келе жатқаны үшін жергілікті атқарушы билікке алғыс айтатынын жеткізді.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны