10.03.2011, 15:30 3860

СҚО аудан орталығының бұрынғы әкімі пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

СҚО аудан орталығының бұрынғы әкімі пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Петропавл. 10 - наурыз. Kazakhstan Today - СҚО аудан орталығының бұрынғы әкімі пара алғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысы Сергеевка қаласының бұрынғы әкімі Тұрлыбай Өтегенов үш мың доллар пара алғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

"Сергеевка қаласы аудандық соты қаланың бұрынғы әкімі Тұрлыбай Өтегеновтың мүлкі тәркіленіп, төрт жылға мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді", - деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны