22.04.2008, 17:53 3211

СҚО кеден органдары бидайды контрабандалық жолмен алып шығу деректерінің алдын алу шараларын күшейтуде

СҚО кеден органдары бидайды контрабандалық жолмен алып шығу деректерінің алдын алу шараларын күшейтуде

Петропавл. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысының кеден органдары бидайды контрабандалық жолмен алып шығу деректерінің алдын алу шараларын күшейтуде. Бұл туралы агенттік тілшісіне СҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, СҚО кедендік бақылау департаменті ҚР үкіметінің 2008 жылдың 28 сәуірінде күшіне енетін бидай экспортына тыйым салу жөніндегі қаулысына ерекше назар аударып отыр.

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылдың 15 сәуірінде қабылдаған №343 қаулысына сәйкес, шектеулер 2008 жылдың 1 қыркүйек айына дейін, яғни жаңа астық шыққанға дейін қолданылады.

"Бидай экспортынының бақылауы жөнінде үкімет шешімінің тиянақты орындалуына ерекше назар аударылуы керек. Контрабандамен күрес жөніндегі басқармасына кедендік бақылаудан басқа бидай контрабандасының тасымалы болуы мүмкін жағдайларды алдын алудың шұғыл шараларын дайындау жөнінде тапсырма беремін", - деп атап өтті СҚО бойынша КБД бастығы Илібек Қартов.

Бұндай шешім елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, әлемдегі бидай тапшылығы мен әлемдік нарықта бидай құнының айтарлықтай өсуіне орай ішкі нарыққа кесірін тигізбеу үшін шығарылды. Сонымен бірге, бос бидай көлемін ұн түрінде экспорттауға болады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің алқа жиыны өткізілді. Онда 16-18 сәуір аралығында Астанада Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының кеден және шекгара қызметтері басшыларының отырысына қатысып қайтқан СҚО бойынша КБД кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы Анатолий Лидің ақпараты тыңдалды.

Кездесудің қорытындысында қазақ-ресей мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін көлік, тауар тасымалдарын бірлесе отырып бақылауды жасау кезіндегі ынтымақтастық жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды. Енді екі мемлекеттік кеден органдары бақылауды жүргізу кезінде кедендік рәсімдеу құжаттарының нәтижелерін екі жақты мойындайтын болады.

Сондай-ақ, келісім- шарт бойынша шекара арқылы өтетін заңсыз тасымалдауларға тосқауыл қою мақсатында екі жақтан өткізіліп жатқан көліктер мен тауар саны туралы шұғыл түрде ақпарат жіберіліп отырады.

"Ресей мен Қазақстанның кеден органдары басшыларының кездесуі барысында қазақ-ресей шегкрасында берлесе отырып бақылау өткізуге арналған бекеттер тізімі белгіленіп, өткізу пунктерінің жұмыс уақыты мен мәртебесі келісілді. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мұндай пункттер ретінде Жаңажол", "Қарақоға" және "Бидайық" үш кеден бекеті бекітілді", - деді А. Ли.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны