21.01.2008, 17:43 3153

СҚО мемлекет есебіне 20 млн теңге аударылды

СҚО мемлекет есебіне 20 млн теңге аударылды

Алматы. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік-Қазақстан облысында мемлекет есебіне 20 млн теңге аударылды. Бұл туралы агенттікке ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Солтүстік-Қазақстан облысының прокуратура органдары атқарушы өндірістік шаралары жөніндегі заңдарының орындалуын қадағалау кезінде бірқатар заң бұзушылықттарды анықтап, 35 млн 714 тың теңге өндіріп, мемлекеттік кіріс бөлігіне 19 млн 681 мың теңге аударды ", - деп хабарлады баспасөз қызметінде.

Бұл бағытта әсіресе, Петропавл прокуратурасының қызметі нәтижелі болды. Прокуратураның қимылдау шаларары барысында "Киров атындағы зауыты" ААҚ мемлекет есебіне 1 млн 662 мың теңге, Агро "Азия -ЛТД" ЖШС -426 мың теңге, "Петропавловск -СУ" АҚ- 1 млн 395 мың теңге, "Брокинтерсервис "

ЖШС - 1 млн 666 мың тенге, "Капитан"ЖШС - 1 млн 140 мың тенге аударылды.

"Сот шешімдерін орындауға қатысты шараларды қолға алу кезінде, прокуратура жылдан жылға орындалмай келе жатқан шешімдерге назар аударды. Сөйтіп, прокуратураның арасуымен 2000 жылдан бері 713 мың теңгені өнідіріп алу жөнінде ескерусіз келе жатқан сот шешімі орындалды", - деп хабарлайды бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны