14.05.2012, 16:39 3841

СҚО сүт өнімдерінің өндірісі жаңғыртылды

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданында сүт өнімдерінің өндірісі жаңғыртылды.

Астана. 14-мамыр. Kazakhstan Today - СҚО сүт өнімдерінің өндірісі жаңғыртылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылжар ауданында сүт өнімдерінің өндірісі жаңғыртылды.

"Сүтсервис" ЖШС ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорынға француздық құрылғы орнатып, соның арқасында сағатына 3 мың литр сүтті арнайы пакеттерге құйып, орауға мүмкіндік туған.

Бұл жоба 2011 жылдың қаңтар айында қаржыландырылған болатын. Францияның Тимонье фирмасымен өндірілетін сүт өнімін арттыруға қажетті озық құрылғы жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылған. Болашақта өндірісті жаңғырту сүт және салқындатылған сүт сусындарын сату нарығын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны