11.08.2011, 15:50 3788

СҚО такси жүргізушісін өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Ғабит Мүсірепов аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Ставрополка ауылының маңындағы жол шетіндегі жырада қою жасыл түсті ВАЗ 2106 маркалы көліктің тұрғанын туралы ақпарат түседі.

Петропавл. 11-тамыз. Kazakhstan Today - СҚО такси жүргізушісін өлтірді деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімі қызметкерлері облыстық ІІД криминалдық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесе отырып, такси жүргізушісін өлтірді деген екі күдіктіні қолға түсірген. Бұл туралы СҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлаған.

Ғабит Мүсірепов аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Ставрополка ауылының маңындағы жол шетіндегі жырада қою жасыл түсті ВАЗ 2106 маркалы көліктің тұрғанын туралы ақпарат түседі.

Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, 1987 және 1989 жылы туылған Жаңа Есіл аудан орталығында тұратын жұмыссыз екі адамды қолға түсірген. Сұрау кезінде олар 30 шілдеден 31 шілдеге қараған түні жоғалған такси жүргізушісінің көлігіне отырғандарын мойындайды.

Аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Жаңабек Ысқақовтың айтуынша, қылмыс жасалған күні олар такси жүргізушісіне аудан орталығынан 40 шақырым жерде орналасқан Ставрополка ауылына жеткізіп салуды сұрайды.

Ауылға жете берісте олар жүргізушінің тоқтауын өтініп, көліктің артында отырған бірі оның мойнына жіп салып қылғындыра бастайды, алдыңғы орындықта отырған бала оны орындыққа қысады. Ер адамды өлтірген соң олар оның қалтасынан ұялы телефон және 20 000 теңге көлемінде ақша алып кеткен.

Қазіргі таңда күдіктінің екеуі де аудандық ІІБ уақытша оқшаулау абақтысына жабылды, олардың бірі бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны