24.06.2014, 20:26 3004

СҚО-да туристік кластерді құру аясында пантоемдеу дамуда

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жаңа туристік жоба - "Солнечный VIP" демалыс аймағындағы пантоемдеу орнының ресми ашылуы өтті.

Алматы. 24 маусым. Kazakhstan today. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында жаңа туристік жоба - "Солнечный VIP" демалыс аймағындағы пантоемдеу орнының ресми ашылуы өтті.

Сонымен қатар, "Икбар" демалыс орнында жаңа "Венециялық" корпусы ашылды. Жаңа туристік нысандардың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев пен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Иукенов қатысты.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиевтың айтуынша, Айыртау ауданы Солтүстік Қазақстан облысындағы туризм кластерінің ошағы ретінде дамытылмақ. Өңірде қазіргі таңда 23 демалыс орны мен шамамен 40 туристік нысан бар, деп хабарлайды Туризм индустриясы комитеті.

Өңірде сонымен қатар медициналық туризм, мәдени-тарихи, экологиялық және өзге де туризм түрлері дамытылмақ. Исіресе медициналық туризмге басымдылық берілмек. Соның шеңберінде пантоемдеуге ерекше назар аударылады. 2014-2015 жылдары марал шаруашылығын дамыту жоспарланып отыр.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті өкіледерінің қатысуымн Айыртау ауданында Сотлүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жай-күйіне арналған жиын өтті. Шара қорытындысында Солтүстік Қазақстан облысындағы туристік кластерді дамытудың шеберлік жоспарын дайындау туралы шешім қабылданды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны