28.10.2022, 13:25 31451

Смайылов: ТМД ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастыруда

Смайылов: ТМД ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын қарастыруда
Сурет: t.me/KZgovernment
Астана. 28 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысы шағын форматта өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Іс-шараны ашқан ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан ТМД шеңберіндегі өзара тиімді әріптестікті тереңдету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға беретінін атап өтті.
 

Бүгінгі күрделі жағдайда Достастықтың жұмысы бір орында тұрған жоқ, ынтымақтастық үшін жаңа бағыттар қарастырылуда", - деді ол.

 
Сондай-ақ Премьер-Министр ТМД Атқару комитетінің төрағасы – атқарушы хатшысы Сергей Лебедевті келесі үш жылдық кезеңге тағайындалуымен құттықтады.
 
Шағын форматтағы отырыста қатысушылар экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылайды және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны