21.01.2008, 17:00 3018

SMS Engineering компаниясында бірқатар заң бұзышылықтар анықталды

SMS Engineering компаниясында бірқатар заң бұзышылықтар анықталды

Павлодар. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Екібастұз "SMS Engineering" АҚ компаниясында бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды, деп хабарлайды агентік тілшісі Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, прокуратураның тексерулері барысында "SMS Engineering" АҚ пайдалы қазбаларды шығару кезінде бірқатар заңдарды орындалмағаны анықталды.

Қадағалау органдарының қызметкерлері анықтағанындай, компания тарапынан жер туралы, еңбек туралы, тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық жағдайын ескеру және тау- кен жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін сақтау ережелері мен заңдарының сақталмағанын анықтаған.

" "SMS Engineering"АҚ заңсыз түрде 1,3 га мемлекеттік жер учаскесін пайдаланған ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Прокурорлар анықтағанындай, компания тау-кен жұмыстарын Екібастұз қаласы әкімдігінің шешімімен бөлініп берілген жер учаскесінен бөлек жерде жұмыстарын жүргізген. Компания ҚР әкімшіліктін құқық бұзушылық кодексінің 118 бабы бойынша жауапқа тартылды (мемлекеттік жер меншігінің құқығын бұзушылық).

Павлодар облысының төтенше жағдайларды мемлекеттік қадағалау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі басқармасының қаулысымен бас энергетик және "SMS Engineering"АҚ тау учаскесінің бастығына ҚР әкімшіліктік құқық бұзушылық кодексінің 221 бабы бойынша 10500 теңге мөлшерінде айып салынды. Сондай-ақ, экскаватор жұмысын тоқтату жөнінде шешім шығарылды.

Облыс прокуратурасында хабарлағанындай, Екібастұз қаласындағы барлық шаруашылық нысандары мен кәсіпорындарға жүргізілген тексерулер нәтижесінде әкімшіліктік жауапқа 27 лауазым иесе тартылды. Сонымен қатар, 423 мың 948 теңге мөлшерінде айып пұл салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны