18.06.2014, 21:07 2614

Сочи Астана және Алматымен тікелей әуе байланысын орнатудан мүдделі

Сочиде 16-17 маусымда "Туризмді тұрақты дамытудағы мега оқиғалардың рөлі" атты шетелдің туризм министрлерінің саммиті өтті. Министрлер кездесуіне 26 мемлекеттен 150 шақты қатысушы келген.

Алматы. 18 маусым. Kazakhstan today. Сочиде 16-17 маусымда "Туризмді тұрақты дамытудағы мега оқиғалардың рөлі" атты шетелдің туризм министрлерінің саммиті өтті. Министрлер кездесуіне 26 мемлекеттен 150 шақты қатысушы келген.

Саммит аясында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Исет Мұсаалиев Краснодар өңірінің демалыс орны және туризм министрі Евгений Кудельмен жұмыс кездесуін өткізді.

Тараптар туризм саласындағы екі жақты пайдалы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті. Ресей Федерациясының аумағындағы Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібір, Сочиде Қазақстан Республикасының туристік-ақпараттық орталығын ашу мүмкіндіктері айтылды.

Ресей тарабы Астана-Сочи (Краснодар, Анала, Геленджик); Алматы-Сочи (Краснодар, Анала, Геленджик) бағыттары бойынша тікелей әуе байланысын орнатуға қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, қос тарап бірлесе отырып семинарлар, көрмелер, ақпараттық турлар ұйымдастыратын болып келісті. Аталмыш шаралар демалыс орындарында, балалар және жағажай орындарында сауықтыру мүмкіндіктерін арттырып, белсенді және оқиғалы туризмнің артықшылығын көрсетпек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны