22.09.2015, 19:16 3971

Сочи қ. ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердіӊ төтенше жағдайлар жөніндегі Үйлестіру кеӊесініӊ сегізінші отырысы өтті

2015 жылғы 22 қыркүйекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше-мемлекеттердіӊ Үйлестіру кеӊесініӊ сегізінші отырысы өтті

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 22 қыркүйекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымына мүше-мемлекеттердіӊ Үйлестіру кеӊесініӊ сегізінші отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Үйлестіру кеӊесініӊ төрағасы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ орынбасары В.К. Божко Оқу-жаттығулар жоспарын іске асыру және ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердіӊ уәкілетті органдарыныӊ ТЖ алдын алу және жою саласындағы әрекеттесуін жаттықтыру бойынша өзге де бірлескен шараларын іске асыру туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ, ҰҚШҰ Хатшылығыныӊ өкілдері, Ресей, Армения ТЖМ, Қазақстан ІІМ ТЖ комитетініӊ өкілдері баяндама жасады.

Гуманитарлық әсер етудіӊ ресейлік-армяндық орталығын құру, құқық қорғау, өртке қарсы, апаттық-құтқару органдарыныӊ және арнайы қызметтердіӊ кадрларын даярлау, ҰҚШҰ мүше-мемлекеттерініӊ құтқару бөлімшелерін даярлау жөніндегі "Тасты қала- Астана" базалық полигоныныӊ оқу әлеуетін пайдалану мәселелері қарастырылды.

ҰҚШҰ мүше-мемлекеттердіӊ ТЖ жөніндегі Үйлестіру кеӊесінде төрағалық етудіӊ аяқталуына байланысты сәйкес өкілеттіктер ресми түрде Армения Республикасына берілді.

Кеӊестіӊ отырысы нәтижелі құжаттарға қол қоюмен аяқталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны