05.02.2014, 21:20 24719

Сочидегі XXII қысқы олимпиада ойындарын Қазақстанның екі арнасы көрсетеді

Ашылу салтанаты аталмыш арналар арқылы 7 ақпан күні Астана уақыты бойынша 22:00-де тікелей эфирде көрсетілетін болады. Ашылу салтанатының хронометражы шамамен 3,5 сағатқа созылады. Ал шараның жабылу салтанаты 23 ақпанда сағат 22:00-де өтеді", - дейді Б.Кальянбеков.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. 2014 жылы Сочидегі қысқы олимпиада ойындарын көрсету құқына қазақстандық қос арна "Хабар" мен "KAZsport" иеленіп отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР МАМ ақпарат және мұрағат комитеті төрағасы Болат Кальянбеков мәлімдеді.

"Биыл Сочидегі қысқы олимпиада ойындарын көрсету құқына қазақстандық қос арна "Хабар" мен "KAZsport" иеленіп отыр. Ашылу салтанаты аталмыш арналар арқылы 7 ақпан күні Астана уақыты бойынша 22:00-де тікелей эфирде көрсетілетін болады. Ашылу салтанатының хронометражы шамамен 3,5 сағатқа созылады. Ал шараның жабылу салтанаты 23 ақпанда сағат 22:00-де өтеді", - дейді Б.Кальянбеков.

Оның айтуынша, бас-аяғы тікелей эфир арқылы 190-нан астам трансляция жоспарланып отыр. Ал таспа арқылы көрсетілетін эфирлермен қосқанда барлығының жалпы уақыты 350 сағат видеоконтентті құрайды. Соның ішінде "Хабар" арнасы 51 трансляция көрсетсе, оның 34-і тікелей болсақ. Олардың жалпы хронометражы 110 сағатты құрайды. Ал "KAZsport" телеарнасы 140 трансляцияның 78-ін тікелей эфир арқылы ұсынады. Бұлардың жалпы уақыты 240 сағат болмақ.

"Айта кету керек, Олимпиада кезінде "KAZsport" арнасы өзінің эфирін толықтай дерлік аталмыш шараға арнайтын болады. Бұл шамамен тәулігіне 14 сағатты құрайды. Мұнда жарыс кестесіне сай эфир беріліп, кейде тәулігіне 24 сағат Олимпиада ойындарынан ақпарат бермек", -дейді комитет төрағасы.

Осылайша қазақстандық телекөрермендерге Олимпиада ойындарынан дер кезінде тамашалап отыруға мүмкіндік беріледі. Барлық трансляциялар қазақ және орыс тілдеріндегі комментаторлар арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, меншікті тілшілер де жұмыс істемек. Естеріңізге сала кетейік, ойын барысы 9-24 ақпан аралығыныда көрсетіледі.

"Алғашқы трансляция "KAZsport" арнасынан ертең, бейсенбі күні сағат 11:55-тен бастап көрсетіле бастайды. Онда сноуборд жарысынан көрсетілімдер ұсынылады. Эфир кешкі сағат 19.40-қа дейін жалғасады. Көрермендерге ыңғайлы болу үшін "Егемен Қазақстан" мен"Казахстанская правда" газеттерінің бүгінгі санының соңғы жолағында жарыс кестесі көрсетілген. Кестеде қазақстандық спортшылардың қатысатын барлық жарыстары белгіленген. Бейсенбі-жұма күндерінен бастап бұл кесте барлық өңірлік газеттерде жарияланатын болады", - деді Б.Кальянбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны