28.04.2015, 17:13 3560

"Союз ТМА-16М" экипаж мүшелері ХҒС бортынан Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеӊісімен құттықтады

Қазақстанда Президентті сайлады деген жаӊалықты ғарышта да естіді. Халықаралық ғарыш стансасынан "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесініӊ экипаж мүшелері Қазақстан халқы мен Елбасыға құттықтауларын жолдады

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - "Союз ТМА-16М" экипаж мүшелері ХҒС бортынан Нұрсұлтан Назарбаевты кезектен тыс президенттік сайлаудағы жеӊісімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстанда Президентті сайлады деген жаӊалықты ғарышта да естіді. Халықаралық ғарыш стансасынан "Союз ТМА-16М" ғарыш кемесініӊ экипаж мүшелері Қазақстан халқы мен Елбасыға құттықтауларын жолдады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

-Құрметті Нұрсұлтан Ибішұлы. Халықаралық ғарыш стансасыныӊ экипажы Геннадий Падалка, Михаил Корниенко және Антон Шкаплеров Сізді сайлаудағы жеӊісіӊізбен құттықтайды. Сіздіӊ сайлауалды науқаныӊызда Қазақстан жерінен сәтті ұштық. Сіздіӊ қуанышыӊызға ортақпыз.

- Бүгінде Сіздіӊ арқаӊызда Қазақстанды бейбіт және бірлік орнаған ел ретінде бүкіл әлем таниды. Сіз халықаралық ғарыштыӊ дамуына сүбелі үлес қосқан белді тұлғасыз. Еліӊіздіӊ бейбітшілік саясаты көпшілікке үлгі болды. Қазақстан ғарыштан жақсы көрінеді. Бұл қуатты, мықты, әсем ел.

- Сіздіӊ бастауыӊызбен болашақта да Қазақстан ғарыш саласындағы биік белестерді бағындыратынына сенімдіміз. Біз Сізге және барша Қазақстан халқына өркендеу тілейміз. Жеӊісіӊіз құтты болсын!

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны