23.06.2019, 23:40 7905

Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасарының бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады

Ол өз жұбайымен алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен үлестес кәсіпорын арқылы әрекет жасап, жер учаскесін бөлу бойынша жерге орналастыру жобаларын дайындауға жалған шарттарға қол қою арқылы 83 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын алдап жымқырған деп күдіктеніп отыр.

Нұр-Сұлтан. 23 маусым. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасарының бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Ол өз жұбайымен алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен үлестес кәсіпорын арқылы әрекет жасап, жер учаскесін бөлу бойынша жерге орналастыру жобаларын дайындауға жалған шарттарға қол қою арқылы 83 млн.теңге сомасында бюджет қаражатын алдап жымқырған деп күдіктеніп отыр.

70 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, оның бір бөлігін АҚШ долларына айырбастап және жол талғамайтын қымбат көлік сатып алуға жұмсаған.

Ағымдағы жылдың 19 маусымында бюджет қаражатының 19,5 млн.теңге сомасындағы кезекті траншты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде жоғарыда көрсетілген "Д" шенеунігінің жұбайы ұсталды.

Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Оның зайыбына қатысты кінәсін толық мойындауына және екі жас баласының бар болуына байланысты процесуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасуда.

Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны