09.08.2017, 19:04 4518

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратыныӊ әдеп жөнiндегi өкiлеттi өкiлi болып Дулат Қаратайұлы Тайшабай тағайындалды

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ өкiмiмен облыс әкiмi аппаратыныӊ әдеп жөнiндегi өкiлеттi өкiлi болып Дулат Қаратайұлы Тайшабай тағайындалды.

Петропавловск. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақаловтыӊ өкiмiмен облыс әкiмi аппаратыныӊ әдеп жөнiндегi өкiлеттi өкiлi болып Дулат Қаратайұлы Тайшабай тағайындалды.

Дулат Қаратайұлы 1979 жылы Солтүстiк Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданыныӊ Хмельницкое ауылында туған.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде, Солтүстiк Қазақстан заӊ академиясында құқық негiздерi және экономика, юриспруденция мамандықтары бойынша бiлiм алған.

2000 жылы еӊбек жолын Тимирязев ауданыныӊ "Мичуринский" ЖШС-де экономист-заӊгер болып бастады.

2001 жылы Петропавл қаласындағы "Қазақстан Республикасы Идiлет министрлiгiнiӊ шаруашылық басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорныныӊ облыстық филиалында жетекшi маман қызметiн атқарды.

2001-2003 жылдары облыстық әдiлет басқармасыныӊ АХАЖ бөлiмiнiӊ бас маманы болды.

2003-2005 жылдары аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы соттары әкiмшiсiнiӊ сот атқарушысы болып қызмет еттi.

2005-2017 жылдары Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiӊ бас маманы қызметiнiӊ басқарма басшысына дейiнгi өсу жолынан өттi.

2016 жылдан осы тағайындауға дейiн Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi облыстық департаментiнiӊ мемлекеттiк қызмет саласындағы бақылау басқармасыныӊ басшысы болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны