26.02.2009, 17:15 3144

Солтүстік Қазақстан облысына 27 ақпанда жұмыс сапарымен ел президенті келеді деп күтілуде

Солтүстік Қазақстан облысына 27 ақпанда жұмыс сапарымен ел президенті келеді деп күтілуде

Петропавловск. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысына 27 ақпанда жұмыс сапарымен ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев келеді деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің алдын-ала ақпаратына сәйкес, жұмыс сапарының бағдарламасында президент "Шапағат" атты жаңа коммуналдық базарға барады деп жоспарлануда, ондағы тауарлар делдалдардың қатысуынсыз өндірістік көтерме бағаға сатылуда. Сондай-ақ, Елбасы тез тұрғызылатын ғимараттар мен құрылғылар зауытында болмақ.

Мемлекет басшысы заманауи ауылшаруашылығы техникасының көрмесін тамашалап, ауылшаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, масленница мейрамын тойлауға атсалысып, қазақ мектеп-гимназиясында, Петропавловск бройлер құс фабрикасында, "Наурыз-2030" ЖШС жылыжай шаруашылығында болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны