14.03.2017, 20:46 4748

Солтүстік Қазақстан облысында 115 елдімекен оптикалық Интернетпен қамтамасыз етілген

Солтүстік Қазақстан облысында 115 елдімекен оптикалық-талшықты байланыс желілерімен қамтамасыз етілген, деп хабарлады бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы бастығыныӊ орынбасары Мереке Дәулетбаев

Петропавловск. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында 115 елдімекен оптикалық-талшықты байланыс желілерімен қамтамасыз етілген, деп хабарлады бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы бастығыныӊ орынбасары Мереке Дәулетбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Дәулетбаевтыӊ айтуынша, елдімекендерді оптикалық-талшықты байланыс желілерімен қамтамасыз ету бағдарламасыныӊ бір бағыты халықты 3G, 4G және 5G технологиялары бойынша Интернет желісіне кеӊжолақты қолжетімділік қызметімен қамтамасыз етуге саяды.

"Ауылдардыӊ сандық технологияларға қолжеткізудегі теӊсіздікті азайта түсу мақсатында ауылдық елдімекендерді оптикалық-талшықты байланыс желілерімен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстан үшін әлеуметтік және экономикалық тұрғыда аса маӊызды болып табылады", - деп атап өтті басқарма бастығыныӊ орынбасары.

Оныӊ хабарлауынша, сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында 115 елдімекен оптикалық-талшықты байланыс желілерімен қамтамасыз етілген. Бұған қоса 250 және одан артық адам тұратын 84 елдімекен бойынша бағдарламаныӊ бірінші кезеӊінде оптикалық-талшықты байланыс желілерін тарту көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанда сандық технологияларға қолжеткізудегі теӊсіздікті азайта түсу мақсатында Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 1300-ге жуық ауылдық елдімекенді оптикалық-талшықты байланыс желілерімен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыруда, бұл 2 млн астам адамды Интернет желісіне кеӊжолақты қолжетімділік қызметімен қамтамасыз ету мүмкіндігін бермек. Жобаны мемлекет пен жеке меншіктіӊ серіктестігі аясында 2020 жылға дейін жүзеге асыру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны