09.03.2010, 14:09 2999

Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен астам пайыз торғайды Ташкентке алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен астам пайыз торғайды Ташкентке алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

Петропавловск. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында 70-тен астам пайыз торғайды Ташкентке алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

""Мигрант" іс-шарасы басталған бірінші күні "Северный" бақылау бекетінде Омск қаласынан Ташкентке бет алған автобусты тексерген кезде тәртіп сақшылары Өзбекстан азаматын ұстады, одан аса қызықты жүк табылып алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

СҚО ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы, полиция капитаны Медет Сағдиевтің айтуынша, 1957 жылы туған Өзбекстан азаматы пайыз торғайлар тобына жататын 71 құсты алып бара жатқан. Құстарды ол 6 торда ұстаған. Ұсталған жігіт оларды өсіру үшін алып барамын деп айтқан.

Ұсталғанның айтуынша, пайыз торғайлар Өзбекстанда өте сирек кездеседі. Олар әсем әндетеді және канарейкаларға ұқсас. Омск қаласында нан табудың қамымен жүрген ол құстарды ұстап алып, үйіне жеткізбек болған, алайда, кедендік декларацияда бұндай жүкті атап көрсетудің қажеті жоқ деп санаған. Қазір құстарды алып өту заңдылығы мен олардың түр ретіндегі құндылығы анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны