01.04.2010, 10:52 1432

Солтүстік Қазақстан облысында бір жергілікті тұрғын қыздарды нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін сату үстінде ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында бір жергілікті тұрғын қыздарды нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін сату үстінде ұсталды

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында бір жергілікті тұрғын қыздарды нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін сату үстінде ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов кеше өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өткізген адам саудасы арнасын жою жөніндегі арнайы операция нәтижесінде қыздарды, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған қызды сату үстінде 30-жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол қыздарды таңдаумен айналысқан және кейіннен алдау жолымен оларды нәпсіқұмарлық мақсатта пайдалану үшін сатқан. Адамдар мен кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін қылмыстық істер қозғалды",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны