26.10.2009, 15:21 3128

Солтүстік Қазақстан облысында елік пен жанат тектес итті атып алған браконьерлер ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында елік пен жанат тектес итті атып алған браконьерлер ұсталды

Петропавловск. 26 қазан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында елік пен жанат тектес итті атып алған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Есіл ауданында "Корнеевское" аңшылық шаруашылығының аумағында екі браконьер ұсталды. "Тәртіп сақшылары мен қорықшылар түнде орманнан көліктің жарығын байқап, атылған оқ дауысын естіген. Браконьерлер "Урал" мотоциклін мініп жүрген. Бесқұдық ауылындағы үйлеріне дейін өкшелей жеткен тәртіп сақшылары оларды қолға түсірді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Мотоциклді тексеру барысында оның бесік-арбасынан өлтірілген елік пен жанат тектес итттің өлекселері табылды. Сондай-ақ, әкелі-балалы күдіктілерден екі тіркелген аңшы мылтығы, патронташ, жарық пен аңшы куәлігі алынды. Алайда елік пен жаннат тектес ит аулауға беліген қандайбір құжаттары болмай шықты", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 288-ші бабының 2-тармағы (заңсыз аң аулау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 140 мың теңгеден асты.

"Жалпы алғанда "Браконьер" іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 186 оқиға анықталды. Соның ішінде заңсыз аң аулауға қатысты 74 дерек, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесуге қатысты 23 дерек, заңсыз балық аулау және балық аулау ережелерін бұзуға қатысты 81 дерек анықталды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Ұсталған браконьерлерден 11 аңшы қаруы, соның ішінде тіркелмеген 3 аңшы мылтығы алынды. 30 әкімшілік материал сотқа жіберілді. Заң бұзушылардан 190 000 астам теңге өндіріп алынды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны