26.05.2008, 15:15 1481

Солтүстік Қазақстан облысында Германияға кетіп бара жатқан радиоактивті жүгі бар көлік жүргізушісі қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысында Германияға кетіп бара жатқан радиоактивті жүгі бар көлік жүргізушісі қамауға алынды

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында Германияға кетіп бара жатқан радиоактивті жүгі бар көлік жүргізушісі қамауға алынды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Жаңажол" кеден бекетінің (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) қызметкерлері 22 мамыр күні 22 сағат 27 минутта металл тиелген "МАН" жүк көлігінің жүргізушісін қамауға алған. Көліктегі жүктің гамма-фоны қауіпсіз шектен асып кеткен (сағатына 116,22 микрозиверт).

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенер болсақ, жүкті жөнелткен "Казвторцветмет" АҚ Петропавловск бөлімшесі де, оны алушы Германияның Schach Matt Handels & Vertriebsgesellschaft mbH. фирмасы екен.

Радиоактивті жүгі бар автокөлік Петропавловск қаласының теміржол тұйығының арнайы алаңқайында тұр. Оның Солтүстік Қазақстан облысының ІІД күшімен күзет ұйымдастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны