31.03.2009, 18:09 6491

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорынның жүргізушісі мен кассиріне қарақшылық шабуыл жасалып, 3,5 млн теңге қолды болды

Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпорынның жүргізушісі мен кассиріне қарақшылық шабуыл жасалып, 3,5 млн теңге қолды болды

Көкшетау. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында Көкшетаудан 23 шақырым жерде 30 наурызда темір жол өткелінде "БАСКО" ЖШС құс фабрикасына тиесілі ВАЗ-21112 көлігіне қарақшылық шабуыл жасалды. Жүргізуші жараланып, 3 млн 400 мың теңге ұрланды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, автокөлік Көкшетауға қарай Чкалово ауылынан шыққан. Құс фабрикасының 42 жастағы жүргізушісі мен 40 жастағы кассир әйел қаладағы бір банкке бет алған. Омск - Көкшетау тас жолында Қызыл Таң ауылынан 5 шақырым жерде оларды шетел көлігі қуып жеткен. Жолды кесе көлденеңдей тоқтаған көліктен қара киім киген белгісіз біреулер шығып, жүргізушіге қарата оқ атып оны жарақаттап, ақшаны алып, іздерін жасырған.

Қазір жүргізуші ауыр жағдайда Ақмола облыстық ауруханасында жатыр. Қылмыс орнынан 16-шы калибрлі қарудың пыжы алынды.

Облыстық ІІД-де қылмыскерлерді іздестіру үшін арнаулы жедел топ құрылды. Көрші облыстардың полиция бөлімшелеріне ақпар жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны