24.05.2007, 12:13 1714

Солтүстік Қазақстан облысында "Қазақстан темір жолы" Ақмола тасымалдау бөлімінің бастығы пара алғандығы үшін тұтқындалды

ПЕТРОПАВЛ. 24 мамыр. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында "Қазақстан темір жолы" Ақмола тасымалдау бөлімінің бастығы пара алу үстінде тұтқындалды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті хабарлады.

Департамент ақпаратына сәйкес, 70 мың теңге мөлшеріндегі пара шұғыл іздестіру шараларының барысында оның жұмыс бөлмесінен табылған. "Алдын-ала тергеу нәтижесі бойынша, ол Петропавлдың бір тұрғынынан оның немере інісін осы компанияға жұмысқа алу үшін ақша талап еткен", - дейді қаржы полициясының өкілдері. Пара алу оқиғасы бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311 бабы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар, қаржы полициясы салық органдарының лауазымды тұлғаларына кәсіпкерлердің пара беру оқиғасын анықтап отыр. Атап айтсақ, Петропавл дүкендерінің бірінің аға сатушысы салық комитетінің маманына пара бермекші болған. "Ол 30 мың теңге көлеміндегі параны тексеру барысында анықталған фискалдық жадылы касса машинасын қолдану тәртібін бұзғандығы бойынша әкімшілік хаттаманы толтырмауға бермек болған", - дейді қаржы полициясындағылар. Дүкен сатушысына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 312 бабы (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны