04.05.2008, 12:54 2632

Солтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен жоғары лауазымды шенеунік ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында пара алды деген күдікпен жоғары лауазымды шенеунік ұсталды

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Біржан Кенжеғозин аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісіне ҰҚКД өкілі Сайранбек Мұстафин.

"ҰҚКД қызметкерлері оны 30 сәуірде Е. Бөкетов атындағы көшеде көлігінің жанында $2,5 мың көлемінде пара алып жатқан сәтте ұстады", -деді С. Мұстафин.

Оның айтуынша, "шенеунік экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпкерден әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара бопсалаған-мыс".

С. Мұстафиннің хабарлауынша, Б. Кенжеғозин қазірде прокурордық рұқсатымен ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны