01.04.2010, 17:43 3277

Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура 590 млн теңгенің мемлекеттік сатып алуларына өткізілген байқау нәтижесін заңсыз деп таныды

Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура 590 млн теңгенің мемлекеттік сатып алуларына өткізілген байқау нәтижесін заңсыз деп таныды

Петропавловск. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура тексерулердің қорытындысы бойынша 590 млн теңгенің мемлекеттік сатып алуларына өткізілген байқау нәтижесін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы "Жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыру аясында білім басқармасындағы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларының сақталуына тексеру жүргізді. Басқарма "Жол картасы" бағдарламасының инвестициялық бағытын жүзеге асыру аясында білім беру мекемелерін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырушы болып табылатындығы анықталды. Байқау бойынша сатып алынатын жұмыстар 33 лот бойынша 596 933 000 теңгені құраған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, тексерулер барысында басқарманың байқау комиссиясының іс-қызметінен көптеген заң бұзушылықтар анықталды, олар өткізілген байқаудың нәтижесін заңсыз деп тануға түрткі болды.

"Байқаудың 33 лоты бойынша 27 лот аясында мемлекеттік сатып алуларға бөлінген ақша қаражаттың әуел бастан-ақ жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес келмегендігі және демпингтік баға деңгейінен төмен болғандығы анықталды. Соның салдарынан 27 лот бойынша байқауға қатысқан потенциалдық жабдықтаушылардың баға ұсынымдары осы тектес жұмыстардың бағасынан айтарлықтай төмен, яғни, демпингтік баға болған, ал аталған бағаға жұмыстарды атқару одан әрі жұмыстардың сапасына кері әсерін тигізе алатындай жағдайда болған", - деп хабарладйы баспасөз қызметі.

"Аталған заң бұзушылықтар потенциалдық жабдықтаушылардың байқауға қатысу құқықтарын бұзуға алып келген, олар атқарылатын жұмыстарға қасақана төмен баға белгіленуі салдарынан аталған құқықтарын пайдаланбаған", - деп түсіндіреді мекеме.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, тексеру нәтижесінде потенциалдық жабдықтаушылардың байқауға ұсынған өтінімдері формалды негізде қабылданбау деректері белгілі болды.

Атап айтсақ, бір жабдықтаушының байқауға ұсынған өтінімі онда директордың аты-жөні дұрыс көрсетілмеген, банктен алған анықтама дұрыс толтырылмаған, кәсіби біліктілік туралы мәліметтерде тапсырыс берушілердің телефон нөмірлері көрсетілмеген деген сылтаулармен қабылданбаған, ал шын мәнісінде ереженің 92-ші бөлімінің талаптарына сәйкес құжаттамадағы осы тектес қателіктер ұсынылған өтінімнің мән-маңызын жоя алмайды.

"Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлайды прокуратурадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны