31.07.2008, 13:18 2960

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп 25 қап марихуана жасырылған жерді тапты

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп 25 қап марихуана жасырылған жерді тапты

Петропавловск. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 2032 шекарашылар отрядының әскерилері есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп 25 қап марихуана жасырылған жерді тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі әскери бөлім командирінің орынбасары Серік Смағұловқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, шекарашылар елдімекенге таяу жерден белгісіз бір азаматтар жинап жүрген қарақурайды егетін жерді тапқан. Сол аумақты тексеру нәтижесінде оны сақтайтын орын анықталды.

Табылған қоймадан әрқайсысында 10 келіден марихуанасы бар 25 қап шықты. Оның құны жарты миллион долларды құрайды. Құпия қойма Қазақстан азаматтарына тиесілі болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны