02.04.2007, 18:54 2920

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар ірі көлемде ресей рублінің контрабандасының жолын кесті

АСТАНА. 2- сәуір. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар ірі көлемде Ресей рублінің контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, темір жол өткізу пунктінің шекарашылары Волгоград - Улан-Удэ бағытындағы поезбен жол жүріп бара жатқан Қазақстан азаматын ұстаған. "Азаматты ұстауға кедендік декларациядан жасырылып қалған 250 мың Ресей рублі көлеміндегі сома себеп болды",- дейді шекарашылар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны