18.05.2007, 11:33 2931

Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Ресей азаматтарынан декларацияда көрсетілмеген валютаны тәркіледі

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында шекарашылар Ресей азаматтарынан аса ірі көлемде декларацияда көрсетілмеген валюта тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Петропавл шекара отрядының "Қосақ авто" бақылау бөлімінде көлік құралдарын тексеру барысында Қазақстаннан Ресейге "Вольво" автокөлігімен бет алған екі РФ азаматы ұсталды. "Шекарашылар ұсталғандардан тексеруден жасырылған контрабандалық 28 мың АҚШ долларын тәркіледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны