18.01.2010, 16:07 2998

Солтүстік Қазақстан облысында Тәжікстан азаматынан бес килограмм героин алынды

Солтүстік Қазақстан облысында Тәжікстан азаматынан бес килограмм героин алынды

Петропавловск. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында "Жаңажол" кеден бекетінің қызметкерлері Тәжікстан азаматынан бес килограмм героин тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today Солтүстік Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясының курган облысымен шекарада орналасқан көпжақты "Жаңажол" өткізу бекетінде Қырғызстан азаматы айдаған "Сангйонг-Истана" көлігіне кедендік тексеру жүргізілген. Тоғыз жолаушысы бар шағын автобус Қырғызстанның Ош қаласынан Екатеринбург қаласына бет алған. Бір жолаушының сөмкесінен әдейі жасалған құпия орыннан бес килограмм героин табылды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны