22.08.2008, 10:20 1129

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше тәртіптегі абақтыдан қамаудағы адамның қашып кетуге жасаған әрекетіне тосқауыл қойылды - ҚР Иділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше тәртіптегі абақтыдан қамаудағы адамның қашып кетуге жасаған әрекетіне тосқауыл қойылды - ҚР Иділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында төтенше тәртіптегі абақтыдан қамаудағы адамның қашып кетуге жасаған әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР Иділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Кеше сағат 13.42-де Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС 164/4 төтенше тәртіптегі абақтысында қамауда отырған адамның қашуға жасаған әрекетіне тосқауыл қойылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"47 жастағы сотталған күтпеген жерден қоршауға қарай ұмтылған. Оны мұнарада отырған күзетші байқап, бірден дабыл қақты. Осы сәтте сотталған қоршаудан секіріп кетуге әрекет жасағанымен, онысы жүзеге аспай, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен ІІМ ішкі әскерлерінің тобы ішкі тыйым салынған аймақта ұстап алды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, қашуға әрекет жасаған тұтқын қару қолданып кісі өлтіргені үшін 17,5 жылға сотталған. Алты мәрте сотталған оны сот аса қауіпті қылмыскер деп таныған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны